Лаула - лаула желтоқсанның, Мұзға жанған алауы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Тәуелсіз елім — Қазақстан

Поэтикалық кіріспе (Мадина)

Өсер ұлдың қай сәтте де — бірлік болмақ қалауы.

Лаула-лаула желтоқсанның мұзға жанған алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.

Жүргізуші сөзі (Жігер)

Қайырлы кеш, құрметті ата-аналар, мектеп қонақтары!

Желтоқсанның дүмпуімен қылыштың қырына, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға-апаларымыздың арқасында жеткен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім — Қазақстан» кешіне қош келдіңіздер!

«Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты сыныптан тыс әдеби-қойылымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Бағдарлама

Кеш барысындағы негізгі бөлімдер: өлеңдер, ән, би және сахналық қойылым.

Мектеп оркестрі

Музыкалық бөлім

Көрдік қой зорлық, оспадар жандар көрінен,

Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.

Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан етіп,

Қиындықтардың бәрінен қайыспай өттік бәрімен.

Өлең (Мадина)

Поэзия

Қарасаң қайда — алыс та, жақын қырларға,

Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.

Қаншама ұлттың құт мекені секілді,

Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?

Ән

Орындау

«Менің Қазақстаным»

Би (Жігер)

Сахналық нөмір

Сүйрік саусақ сағадан, мен бұралған өрмелеп.

Асып-тасып сабадан, биші кетер дөңгелеп.

Қазақ биі

Өлең (Мадина)

Желтоқсан рухы

Тапталмасын деп қазақтың кең ары,

Тәуелсіз туын ұстады жоғары.

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға небәрі.

Сахналық қойылым

«Қайсар ару — Ләззат қыз» Фон: «Желтоқсан желі» әнінің әуені

Сахна көрінісі

Көшеде адамдар ерсілі-қарсылы өтіп жатады. Тәртіп сақшылары байқалады.

Қар үстінде қызыл қан, қара бұрыш… Халық та көп, көшеде қарақұрым.

Жас ару қыз ілбі басып келеді. Жатақхана тым алыс.

Кешкі шамы қаланың сығырайған. Мезгіл еді — айнала тымырайған.

Кеше ғана бұрымын кескен мұның… Құтылғаны әлі есте сұмырайдан.

Ажал ма, әлде елес пе — тақымдаған… Тырс еткен үн болды жақын маңнан.

Қыз жүрегі зу етіп, именсе де, баса берді ілгері батыл қадам.

Қақтығыс сәті (Жігердің мәтіні)

Екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрайды.

Күзетшілер жол тосып, құтқармады: «Тексереміз», — деп қызды мықтап арбады.

«Бүлік жасаған қазақтың қызы ғой бұл», — деген сөзге арланды ол бұлтарғын да.

Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды. Өңменінен итерді жабысқанды.

Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек… өздерінше жөн көрді «танысқанды».

Екі солдат Ләззатты жұлқып алып кетеді. Ләззат барынша қарсыласады.

Қорытынды ой

Жалған емес — бұл шындық, дастан-әнім.

Бостандықтың ол бұзды тас қамалын.

Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың

Қыршынынан кім қиды жас қанатын?

Еске алу сәті

Сахнада Ләззаттың бейіті бейнеленеді: суреті, туған жылы және қайтқан уақыты жазылған мәлімет көрсетіледі.

Анасы бейітке гүл қойып, жоқтау айтады.

Жауапты мұғалім

Пәні
География
Мұғалімі
Қосберегенова Нұршагүл

Қорытынды

Бұл әдеби-қойылымдық кештің мақсаты — Тәуелсіздік жолындағы Желтоқсан оқиғасының тарихи мәнін түсіндіру, ерлікке тағзым ету және жас ұрпақтың елдік санасын нығайту.