Әріптерден сөз құра

Сауат ашу (1-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. «Ә» дыбысы мен әрпі.

Тілдік құзыреттілік: «Ә» әрпі мен дыбысы

Алдыңғы білім

«Табиғатқа саяхат» бөлімі. «З» дыбысы мен әрпі.

Оқу мақсаттары

  • 1 1.2.9.1 — әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
  • 2 1.2.1.2 — оқудың түрлерін қолдану (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу).
  • 3 1.2.2.1 — мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.
  • 4 1.1.9.2 — дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
  • 5 1.3.11.1 — сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Әріпті танып, ажыратып, оны дыбыспен сәйкестендіреді.
  • Оқудың түрлерін қолданады: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.
  • Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді.
  • Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіндіреді.
  • Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

5 минут • ұжымдық жұмыс

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңбері (ертеңгілік шеңбер)

Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Оқушылар бір-бірінің қолын ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінудің маңызын түсінеді.

Топқа бөлу

Мұғалім ұсынған сурет қиындыларын таңдау арқылы оқушылар топтарға бөлінеді. Бөлім «Табиғатқа саяхат» болғандықтан, туған ауылдың табиғатын еске түсіріп, қиынды суреттерді құрастыру арқылы саяхатта нелерді көргенін анықтайды.

Келесі аялдама: «Әріптер мен дыбыстар әлемі».

Сабақтың ортасы

25 минут • мұғалімнің көрсетуі, жұптық/топтық және жеке жұмыс

1-тапсырма: Танысайық

«Ә» дыбысы мен әрпі

  • «Ә» дыбысы және әрпімен таныстыру: баспа/жазба, үлкен/кіші түрлері.
  • «Ә» дыбысының сөз басында және сөз ортасында келу үлгілерін көрсету.

2-тапсырма: Сурет сыры

Оқу + дыбыстық талдау

Сөздер

Сюжетті сурет бойынша берілген сөздерді тұтастай оқиды: ән, сән, дәрі, тәтті.

Осы сөздерге буындық-дыбыстық талдау жасайды.

Талдау

«Әтеш» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

3-тапсырма: Оқылым — «Кім тез оқиды?»

Түсініп оқу

  • Мәтінді оқиды: хормен, тізбектей және жеке оқылым.
  • Негізгі ойды анықтайды, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіндіреді.
  • Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және мәтін мазмұнын әңгімелейді.
  • Қыс мезгілінде ойнайтын сүйікті ойындары туралы әңгімелейді.

4-тапсырма: Жаңылтпашты жаңылмай айтайық

Сергіту сәті

Оқушылар жаңылтпашты анық әрі дұрыс айту арқылы дыбысты дұрыс артикуляциялауға дағдыланады.

5-тапсырма: Әріптерден сөз құра

Топтық жұмыс + сәйкестендіру

Сөздер

  • Дәрігер
  • Әтеш
  • Дәурен

Тапсырма

Әріптерден сөз құрап, сол сөздерге сәйкес суреттерді таңдайды. Топ нәтижесін дәлелдеп, сынып алдында қорғайды.

Дәптермен жұмыс

«Ә» әрпін және «Ә» дыбысы кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазу. Жазу кезінде әріп элементтерінің дұрыс байланысуын бақылау.

Сабақтың соңы

2 минут • қалыптастырушы бағалау

«Балмұздақ таяқшасы» әдісі

Оқушылардың түсіну деңгейі қысқа сұрақтар арқылы анықталады:

  • «Ә» қандай дыбыс?
  • «Ә» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
  • «Ә» дыбысынан басталатын немесе «Ә» дыбысы бар сөз ойлап тап.
  • Сол сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Дифференциация және бағалау

Дифференциация

  • Қиындық көрген оқушыларға: дыбысты дұрыс айтуға арналған үлгі сөздермен қайталау, буынға бөліп оқыту, қосымша жетекші сұрақтар беру.
  • Қабілеті жоғары оқушыларға: «Ә» дыбысы бар 3–5 сөзден шағын әңгіме құрастыру, мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен тұжырымдау.

Бағалау

  • Оқылымдағы жылдамдық пен дәлдікті бақылау (хормен, тізбектей, жеке).
  • Дыбыстық талдауда дұрыс жауап беруін тексеру.
  • Дәптердегі жазу жұмысының көркемдігі мен сауаттылығын бағалау.
  • Сабақ соңындағы қысқа сұрақтар арқылы түсіну деңгейін анықтау.