Мектеп кітапханасы
4-сынып
Сабақ тақырыбы: «Мектеп кітапханасы». Сын есім
Білімділік мақсаты
Оқушылардың күнделікті алған білімдерін саралап, жаңғырту; сөйлесу әрекетіне жетелейтін тапсырмалар арқылы тілдесім дағдысын қалыптастыру. Сұраққа орынды әрі толық жауап беруге дағдыландыру және өз бетінше сұрақ құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру. Қисынды ойлауды жандандыратын тапсырмалар арқылы тілдесім құзыретін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Сыпайылыққа тәрбиелеу; кітапты күтіп ұстауға, сүйіп оқуға және білімге құштар болуға баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, алдарыңдағы белгілердің ішінен қазіргі көңіл күйіңе қайсысы жақын болса, соны таңдаңдар.
Көңіл күйім өте жақсы
Өзіңді сергек, белсенді сезінесің.
Көңіл күйім жақсы
Сабаққа дайынсың, көңіл күй тұрақты.
Көңіл күйім жоқ
Өзіңе уақыт беріп, біртіндеп кірісеміз.
Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша орындалған тапсырмалар талданады.
III. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпқа даярлау (айтылым, ой шақыру)
- Балалар, деніміз сау болу үшін жақсы тамақтанамыз. Мектепте қай жерде тамақтанамыз?
- Мектеп асханасы қандай?
- Ол қай қабатта орналасқан?
Тақырыпты бекіту
Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз: «Мектеп кітапханасы». Сын есім.
Жаңа сөздер (тілдесім)
- Әңгімелер жинағы
- сборник рассказов
- Көне
- древний
- Тартымды
- притягательный
- Бірге барайық
- вместе пойдём
- Ойлап тапты
- придумали
- Тарады
- распространилась
- Салынды
- был построен
Мәтінмен жұмыс (оқылым, тыңдалым)
1-тапсырма
Сөйлесуді рөлге бөліп оқу.
5-тапсырма
Мәтінді түсініп оқу.
Жазылым (2-тапсырма): сын есімдермен сөз тіркестерін құрастыру
- Мен қызықты кітап оқыдым.
- Кітапханаға көп жаңа кітап келді.
- Кітапханашы көне кітаптармен таныстырды.
- Ертегі кейіпкері әдемі.
- Орталықтағы кітапхана тамаша.
- Ол ақылды адам екен.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығуын орындау.
3-тапсырма: сұрақтарға жауап беру
1. Сенің мектебіңде кітапхана бар ма?
Менің мектебімде кітапхана бар.
2. Ол қандай?
Ол әдемі, үлкен және жарық.
3. Кітапханада қандай кітаптар бар?
Кітапханада әңгімелер жинағы, ертегілер және ақын-жазушылардың кітаптары бар.
4. Саған қандай кітаптар ұнайды?
Маған ертегілер ұнайды.
4-тапсырма: сурет бойынша бірнеше сөйлем құрастыру
Мынау — кітапхана.
Кітапхана үлкен және жарық.
Онда кітаптар, журналдар және газеттер көп.
Кітапханада оқушылар кітап таңдап тұр.
Бекіту сұрақтары
- Мәтін не туралы?
- Қағазды кімдер ойлап тапты?
- Қағазды Еуропаға кімдер әкелді?
- Қазір қағаздың неше түрі бар?
Үй тапсырмасы
86-бет, 5-тапсырма: мәтінді әңгімелеу; жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.