Ежелгі шығыс мәдениетінің ошақтарын ата

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін таныта отырып, инабаттылық пен іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрді бойға сіңіруге бағыт беру; рухани-адамгершілік қағидаларды ұстануға үйрету арқылы «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы кең көлемде мағлұмат беру.
  2. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту және рухани кемелденуге бағыттау.
  3. Өз мамандығын сүюге, сүйіспеншілікпен әрі шынайылықпен еңбек етуге, жауапкершілік пен ізгілікке тәрбиелеу.

Құндылық және қасиеттер

Құндылық
Дұрыс әрекет
Қасиеттер
Жауапкершілік, тәртіп, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу
Сабақ түрі
Дәстүрлі емес
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту

Көрнекіліктер мен технологиялар

  • Интерактивті тақта, музыкалық материалдар, бейнероликтер, тақырыпқа сай слайдтар
  • Интербелсенді және сыни тұрғыдан ойлау технологиялары

Сабақ әдістері

Ой қозғау Рөлдік ойын Авторлық үстел Фишбоун Постер Музыка терапиясы

Пән аралық байланыс және әдебиеттер

Пән аралық байланыс

  • Қазақстан тарихы
  • Өзін-өзі тану (рухани-адамгершілік білім беру)

Қолданылған әдебиеттер

  • Нағымұлы. Мәдениеттану. Астана, 2007.
  • Ғабитов. Мәдениеттану.
  • Кан, Шаяхметов. Қазақстан тарихы.
  • Аманова Ғ. Халықтық педагогика — даналық мектебі. Алматы, 2012.

Сабақтың дәйексөзі

«Ата салтың — халықтық қалпың»

Халық мақалы

Елбасы Н. Назарбаев: «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтарды бойына сіңіруге шақырамын».

«Қазақстан — 2050», «Мәңгілік ел» стратегиясы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу
  • Аудиторияның және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру

5Т қағидасын еске түсіру

Тәртіп

Ережені сақтау және жауапкершілік

Талап

Өзіңе және ортаға жоғары талап қою

Тазалық

Ұқыптылық және тәртіп

Татулық

Сыйластық пен бірлік

Тыныштық

Зейінділік және ішкі үйлесім

Білімді жан-жақты тексеру

1) Мәдениеттің негізгі бағыттары қандай?

Материалдық және рухани.

2) Ежелгі шығыс мәдениетінің ошақтарын атаңыз.

Ежелгі Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай.

3) Ежелгі Үндістандағы касталық жүйені атаңыз.

Брахмандар, кшатрийлер, вайшийлер, шудралар.

4) «Илиада» және «Одиссея» поэмаларының авторы кім?

Гомер.

5) У. Шекспир шығармаларын атаңыз.

«Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ричард III» және т.б.

6) «Мәдениет» сөзін орысша және ағылшынша айтыңыз.

Мәдениет — культура — culture.

7) Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпаларды атаңыз.

Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар.

II. Білімді қабылдауға даярлау

Кіріспе сөз

Ғасырлар бойы қазақ халқының өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. Бұл құндылықтар отбасылық ортада да, қоғамдағы түрлі топтар арасындағы өзара қарым-қатынасты орнықтыруда да маңызды рөл атқарды.

Жоспар

  1. Салт-дәстүр ұғымы, түрлері
  2. Көрініс: қыз ұзатудан үзінді
  3. «Айтуға оңай…»: жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде салт-дәстүрді дәріптеу қажет пе?

Ой қозғау (қызығушылықты ояту)

Салт-дәстүр дегенді қалай түсінеміз?

Дәстүр — тарихи тұрғыда қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын әдет-ғұрыптар, салт-сана және өнегелі үрдістердің жиынтығы.

Әдет-ғұрып дегенді қалай түсінеміз?

Әдет-ғұрып — қоғамда орныққан, әр этносқа тән ортақ тәртіп, мұрат пен игілікке негізделген мінез-құлық қалыптары.

Ескерту: «Дәстүр» ұғымы латын тіліндегі жалғастыру, сабақтастыру мағыналарымен байланысты.

III. Жаңа білімді меңгерту

1) Мағынаны тану (слайд қорғау)

  • Қыз ұзату және келін түсіру салттары
  • Тәлім-тәрбие үлгі дәстүрлері
  • Тұрмыстық дәстүрлер
  • Еңбек және кәсіп дәстүрлері
  • Діни салттар және жерлеу салттары
  • Наурыз — ұлттық дәстүрдің нышаны
  • Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

2) Көрініс көрсету

Көрініс тақырыбы: қазақ халқының қыз ұзатудағы салт-дәстүрі. Қыздың жат жұртқа аттанар сәтте ел-жұртын қимай айтатын қоштасу әні — сыңсу, сондай-ақ үлкен әженің бата беруі көрсетіледі.

Қазақтың әрбір сөзі — шырайлы, тәрбиелік мәні терең, астары бай. Мұны осы көрініс арқылы да анық байқауға болады.

3) «Айтуға оңай…» (пікірталас)

Тақырып: «Салт-дәстүрді дәріптеудегі кейбір мәселелер: жастар көзімен».

Баяндамашы

Қуандық

Қыз ұзату және келін түсіру салттарындағы кейбір мәселелер

Баяндамашы

Самал

Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің маңызы

IV. Жаңа білімді бекіту

Фишбоун (балық қаңқасы) әдісі

Оқушылар мәселені анықтап, себеп–дәлел–қорытынды құрылымы бойынша ойды жүйелейді: негізгі мәселе, себептері, дәлелдері және қорытынды ұсыныстар.