Жыл мезгілдеріне саяхат

Сабақ туралы мәлімет

Педагог

Қызылорда қаласы «Сыр — сұлуы» мектепке дейінгі кіші орталық мекемесінің ортаңғы топ тәрбиешісі — Баимбетова Айгүл Сұлтанбекқызы.

Топ

Ортаңғы топ.

Білім беру саласы

Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы

Жыл мезгілдеріне саяхат

Мақсаты

Сан және салыстыру

  • 5 көлемінде заттарды санап, қорытынды санды дұрыс атау.
  • Екі топтағы заттарды салыстырып, теңестіру тәсілдерін қолдану.
  • Санның заттың көлеміне және кеңістіктегі орналасуына тәуелсіз екенін түсіну.

Кеңістік, реттік санау, сәйкестендіру

  • Заттарды биіктігіне қарай өсу ретімен орналастыру.
  • Цифрды заттың санымен сәйкестендіру.
  • Реттік санды атап, «нешінші?» сұрағына дұрыс жауап беру.

Геометриялық пішіндер

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нығайту: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш.

Құрал-жабдықтар мен материалдар

Көрнекіліктер

  • Қуыршақ театры: Жыл атасының бейнесі.
  • Санауға арналған демонстрациялық материал: киіз үйлер, жемістер.

Үлестірмелі материал

  • 1–5 цифрлары.
  • Геометриялық пішіндер жиынтығы.
  • Әр балаға 1–5 сандар жинағы.

Қосымша

  • Балалар санына сай «гүлдер алаңы».
  • Көбелектер — 80 дана.
  • Өсу және кему ретімен орналастыруға арналған шыршалар жиынтығы.
  • ТҚЖ: DVD, теледидар, ноутбук.

Әдіс-тәсілдер және кіріктіру

Әдіс-тәсілдер

Ойын, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, түсіндіру.

Білім беру салаларын кіріктіру

Қатынас, Денсаулық, Әлеуметтік орта, Шығармашылық.

Билингвистік компонент

қыс

зима

жаз

лето

күз

осень

көктем

весна

Сабақ барысы: «Жыл мезгілдеріне саяхат»

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Тәрбиеші: «Балалар, бүгін сендерді Жыл мезгілдеріне саяхатқа шақырамын. Ол жерде бізді Жыл атасы, қызықты ойындар және тапсырмалар күтіп тұр».

«Бұл қандай жыл? Олай болса, саяхатқа атқа мініп барайық». (Осы сәтте «Тұлпарым» әні ойналады.)

Іздену-ұйымдастырушы кезең

«Міне, балалар, Жыл мезгілдеріне де келіп жеттік». (Ширмадан Жыл атасының бейнесіндегі қуыршақ театры шығады.)

Тәрбиеші: «Балалар, қане, орнымызға отырайық».

Жыл атасы:

«Саламатсыңдар ма, балаларым! Жыл мезгілдеріне қош келдіңдер. Мен сендерді өзімнің төрт қызыммен таныстырғым келеді. Ол үшін менің жұмбақтарыма жауап бересіңдер. Дайынсыңдар ма?»

Жұмбақ 1: Күз

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын,
Сап-сары қып қояды.

Күз осень

Жыл атасы: «Дұрыс айтасыңдар, балаларым! Менің қызымның аты — Күз. Ол сендерге ойын мен тапсырмалар дайындап қойды».

Тапсырма: Жемістер мен көкөністерді санау

  • Үстіңгі жолаққа алмұрттарды, астыңғы жолаққа алмаларды орналастыру.
  • Заттарды солдан оңға қарай, оң қолмен қою (тақтада көрсету).
  • Санап, «қайсысы көп/аз?» сұрақтарына жауап беру және теңестіру жолын табу.

Үстіңгі жолақ

5 алмұрт

Астыңғы жолақ

4 алма

Теңестіру: бір алманы алып тастау арқылы екі топты тең қылу.

Жыл атасы: «Жарайсыңдар! Күз мезгілінің тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар».

Жұмбақ 2: Қыс

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балалар сырғанап ойнайды.

Қыс зима

Жыл атасы: «Жақсы, балаларым. Менің қызымның аты — Қыс. Міне, оның сендерге дайындаған тапсырмалары».

Тапсырма 1: Шыршаларды өсу ретімен орналастыру

Балалар шыршаларды биіктігіне қарай кішіден үлкенге реттеп қояды. (2–3 баладан жауап алынады.)

Тапсырма 2: «Моншақтарды тізейік» ойыны

  • Шыршаны безендіретін моншақтарды жіпке тізу.
  • Моншақтардың пішінін және түсін атау.

Пішін

Дөңгелек

Пішін

Шаршы

Пішін

Үшбұрыш

Пішін

Тіктөртбұрыш

Қорытынды: «Жіпке тіземіз». Жыл атасы: «Жарайсыңдар, балалар!»

Сергіту сәті

(Мәтін жалғасады.)