Күшті болсын қолымыз
Сабақтың басталуы
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізушінің сөзі
«Балалар, қараңдаршы, бізге хабарлама келді. Бұл — SOS, көмекке шақырған белгі. Қане, оқып көрейік».
«Құрметті Жер ғаламшарының тұрғындары — балалар! Біздің Марс ғаламшарына қауіп төніп тұр. Жұлдыз жауынгерлері планетамызды басып алмақ. Бізге сендердің көмектерің керек!»
«Көмектесеміз бе, балалар? Ендеше, біз қазір ғарышқа саяхатқа аттанамыз. Жолға шығар алдында буындарымызды жақсылап дайындап алайық».
Буынға арналған гимнастика
Балалар шеңберге тұрып, буын гимнастикасын орындайды.
-
1) Саусақ жаттығуы
Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.
Орындалуы: саусақтарды алға созып, саусақтарды қимылдату. Қайталай отырып: «Иә, иә».
«Қолдарымыз шаршамасын».
-
2) Мойынға арналған иілу
Бастапқы қалып: аяқ алшақ, қол белде.
Орындалуы: басты оңға және солға баяу еңкейту.
«Арқа-мойын ауырмасын».
-
3) «Құлып» және айналдыру
Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.
Орындалуы: екі қолдың саусақтарын айқастырып «құлып» жасап, қолды алға соза отырып сыртқа қарай айналдыру.
«Қолымыз күшті болсын».
-
4) Қабырғаны итеру (күш жаттығуы)
Орындалуы: екі қолды екі жаққа созып, қабырғаны итергендей қимыл жасау.
«Көп-ақ біздің күшіміз».
-
5) «Әткеншек» (арқаға арналған)
Бастапқы қалып: тізені құшақтап отыру.
Орындалуы: арқаға жатып, әткеншек сияқты алға-артқа баяу тербелу.
«Мықты бала боламыз».