Мақалшылар сайысы Кім шапшаң

Тақырыбы

«1001 мақал, 101 жұмбақ»

Мақсаты

  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
  • Мақал жаттауға және жұмбақ шешуге баулу.
  • Еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Мақал-мәтелдер Сөзжұмбақ Нақыл сөздер

Жүрісі

I. Ұйымдастыру

Сайыстың мақсатымен таныстыру.

II. Кіріспе сөз

  • Сынып оқушыларымен танысу.
  • Сайыс бөлімдерімен танысу.
  • Әділқазылар алқасымен танысу.
  • Бүгінгі сайыс тақырыбы: «Отаным, туған жерім – асыл қазынам».

I ТУР

Мақалшылар сайысы

«Кім шапшаң?»

Жалғасын тап

Қатысушылар мүдірмей мақал айтып, берілген мақалдардың жалғасын табу арқылы жарысады. Мақал — сөз мәйегі.

  1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
  2. Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың.
  3. Адам елінде көгерер, қоға көлінде көгерер.
  4. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
  5. Ел болам десең, бесігіңді түзе.
  6. Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
  7. Отан үшін күрес — елге тиген үлес.
  8. Құртақандай торғай да өз ұясын қорғайды.
  9. Орағың өткір болса, қарың талмайды; Отаның берік болса, жауың алмайды.
  10. Отансыз адам — ормансыз бұлбұлмен тең.
  11. Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
  12. Отан — қуат, отбасы — шуақ.
  13. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
  14. Өз елім — өлең төсегім.
  15. Елінен безген оңбайды, көлінен безген қонбайды.

«Даналық ойдан дән ізде»

Талдау

Мақалшылар жеребе арқылы мақал-мәтел таңдап, мағынасын түсіндіріп, қысқаша талдайды.

  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

  • Отанға опасыздық еткенің — өз түбіңе өзің жеткенің.

  • Ел болам десең, бесігіңді түзе.

II ТУР

Жұмбақшылар сайысы

«Кім тапқыр?»

Жұмбақ шешу

Қатысушылар жұмбақтарды шешіп, тапқырлық бойынша сайысады.

  1. Ел қорғайтын ерлікке әуенімен шақырған,
    Батылдыққа, елдікке әуенімен шақырған.

    Жауабы: Дабыл

  2. Алыстан қарасам аппақ, татып қарасам тәтті-ақ.

    Жауабы: Шекер

  3. Шаңырақ — күн, уықтары нұр шашқан.
    Екі пырақ көк аспанға ұласқан.
    Жарқырайды Темірқазық жұлдызы,
    Жол көрсетіп алға бас деп — Қазақстан.

    Жауабы: Елтаңба

  4. Ыстық дейді оны оттан,
    Патриот оны ұнатқан.
    Оңбайды бұл өмірде,
    Адам оны жоғалтқан.

    Жауабы: Отан

  5. Төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат —
    Жалғай бер әрі қарай оны санап.
    Саны өссе үйің әрі кеңейеді,
    Атын тапшы сол заттың, ал, азамат.

    Жауабы: Киіз үй