Айтып бер
Сабақ жоспары
Тіл және мемлекеттік рәміздер
Бұл сабақта оқушылар мемлекеттік тілдің мәнін түсініп, Ата заң туралы бастапқы түсінік қалыптастырып, ел рәміздерін құрметтеудің маңызын ұғынады.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға еліміздің мемлекеттік тілі — қазақ тілі екенін ұғындыру.
- Ата заң туралы түсінік беру және оның қоғамдағы рөлін таныту.
- Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және бағалауға үйрету.
- Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, теориялық білімін толықтыру.
- Ел тарихын тануға ынталандыру.
- Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың назарын сабақ тақырыбына аудару, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.
II. Жаңа сабақ
Кіріспе
Оқушылардың тіл туралы түсінігін кеңейтіп, көптілділік пен мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын талқылау.
Сұрақ-жауап
Төмендегі сұрақтар оқушылардың ойлауын жандандырып, пікір айтуға жетелейді:
- Қай тілде оқисың және сөйлейсің?
- Тағы қандай тілдерді білесің?
- Әр түрлі тіл білудің пайдасы бар деп ойлайсың ба?
- Ол не үшін керек деп санайсың?
- Еліміздің мемлекеттік рәміздерін білесің бе? Атап бер.
Ой қозғау: «Не білеміз?»
Дерек
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1-слайдқа негізделген ақпарат.