Қамтылатын модульдер
Сабақтың тақырыбы
§15. Қола дәуірінің қоныстары
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды қола дәуірінің ерекшеліктерімен, мәдениетімен және археологиялық ескерткіштерімен таныстыру.
Міндеттері
-
Білімдік: мультимедиялық оқулықтар арқылы қола дәуіріне жалпы сипаттама беру; кезеңнің басты ерекшеліктерін және археологиялық ескерткіштерін негізге ала отырып, нақты түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық: қола дәуірінің ерекшеліктерін бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру.
-
Тәрбиелік: өз еліне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта
А3 және А4 қағаздары
Стикерлер
Маркерлер
Электронды оқулық
Кеспе қағаздары
Оқулық
Оқытудың нәтижелері
-
1
Ойлау үдерісінің іске асуын белгілеп отырады.
-
2
Бұрыннан таныс мәліметті жаңа ақпаратпен ұштастырады.
-
3
Сыныптастарымен өз жұмысын талқылап, мәтін мен проблеманы терең талдайды.
-
4
Идеяларын сыныптастарымен алмастырып, өзгенің пікірін ескере отырып қорытынды жасайды.
-
5
Мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады.
-
6
Ақпаратпен ынталы әрі жүйелі жұмыс істей алады.