Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Жаңа білімді меңгереді.

Көптеген оқушылар

Сөздің буыннан тұратынын түсінеді.

Кейбір оқушылар

Сөздегі буын санын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Жаңа білімді меңгереді.
  • Түсінеді.
  • Анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақтың басы — 3 минут

Ширату жаттығуы: «Жұмбақты шеш»

Қалқиып қос құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады.

Бейқам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді.

Жауабы: Қасқыр

Тарғыл-тарғыл тас па,

Тастан бірақ басқа.

Мекені қамыста,

Бұл саған таныс па?

Жауабы: Жолбарыс

Айбарлы түрі бар,

Қанжардай тісі бар.

Тұма бойында

Тасыған күші бар.

Күжірейген жалы.

Білсең, айт бұл аңды.

Жауабы: Арыстан

Сабақтың ортасы

8 минут

Топтық жұмыс: «Кім жылдам?»

Берілген жануарлардың атауын айтып, оларды буынға бөліңдер және салыстырыңдар.

ТА

1-топ

Тапсырма картасы

2-топ

Тапсырма картасы

3-топ

Тапсырма картасы

Дескриптор

  • Жануарларды атайды.
  • Сөздерді буынға бөледі.
  • Салыстыра алады.

Ұжымдық жұмыс

Берілген суреттегі жануарлардың атауын айтып, буынға бөліңдер. Бір буынды сөздерді жасыл, екі буынды сөздерді қызыл түспен бояңдар.

Дескриптор

  • Жануарлардың атауын атайды.
  • Сөздерді буынға бөле алады.

Автор туралы

Білім беру ұйымы

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы

Мұғалім

Айдынғалиева Гүлнұр Аманғалиевна