Оқушылардың көңіл - күйін қадағалай отырып, сабақ барысымен таныстыру

Мақсаттар

Білімділік

Шығарманың әдеби ертегі жанрына жататынын таныту; қазақ халқының өткен тарихына назар аудара отырып, ана бейнесін ашу.

Дамытушылық

Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлығын, сөйлеу дағдыларын дамыту; проблемалық сұрақтарды шешуге баулу.

Тәрбиелік

Шығарма идеясы негізінде ананы аялай білуге, Отанды сүюге және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың көңіл күйін бақылап, сабақтың мақсат-міндеттерімен және жұмыс тәртібімен таныстыру.

2) Жаңа сабақ: кіріспе бөлім

Айтатын бір, шертетін бір — сөзім бар.
Ей, адамдар, үнсіз ғана ұғыңдар,
Жүрегімнің түкпіріне орнатқан
Анашыма ұсынатын гүлім бар!

Ей, адамдар, құрметтеңдер ананы.
Ей, адамдар, сыйлаңдар ата-ананы.
Біздер үшін түн ұйқысын төрт бөлген —
Сендер де бір сәт ойлаңдар ата-ананы!

Ой қозғау

М. Дулатовтың «Кім, балалар, сендерді сүйетұғын?» өлеңін бір оқушы жатқа айтады. Сыныпқа ой тастау үшін: «Ең жақын адамды кім сүйеді?» деген сұрақ қойылады.

Көрнекілік

«Аналар туралы» слайд көрсетіледі. Тақтада күн тәртібі мен тақырып жазылады.

3) Топтастыру стратегиясы

«Ана» ұғымын ашу үшін оқушылар пікірлерін жинақтап, мағыналық өріс құрастырады.

Өмір сыйлаушы Қымбат жан Ардақты Ақылшы Қамқоршы Тәрбиеші

4) Негізгі бөлім: мұғалімнің сөзі

Ана — мәңгілік тақырып. Бұл ұлы есімді дәріптеп, толғана жазбаған ақын-жазушы кемде-кем. (Мұғалім ана туралы өлең оқиды.)

«Жұмақ — ананың табанының астында» деген хадис бекер айтылмаған. Ана, ең алдымен, адам баласына өмір сыйлайды, тәрбиелейді, бағыт береді.

Осындай парасаты мен даналығы арқылы бір елді аман алып қалып, жұртына өмір сыйлаған әйел-ана туралы ой қозғайық. Бұл тақырып оқулықта толық қамтылмағанымен, бағдарламада болғандықтан, алдын ала ізденіп оқуға тапсырма берілген еді.

Тақырып мазмұнын тереңірек ашу үшін слайдқа назар аударып, төмендегі жедел сұрақтарға жауап беріңдер.

Келесі қадам

Жедел сұрақтар мен тапсырмалар арқылы мәтіндегі негізгі ойды табу, дәлел келтіру және қорытынды жасау.