Деректерді кестеге жинаңдар

Бөлім: Жиынды және оның элементтерін белгілеу

Бұл бөлімде оқушылар деректерді жинау, оларды кестеге түсіру және қорытындылау арқылы мәліметпен жұмыс істеудің негізгі қадамдарын меңгереді.

Тақырыбы

Мәліметтер жинау

Тілдік мақсаттар

  • Деректер жинау үшін сауалнама жүргізу.
  • Жиналған деректерді қорытындылау.

Пәндік лексика және терминология

Диаграмма Кесте Деректер

Сабақта қолданылатын тапсырмалар

Талқылау

  • Топ қатысушыларымен сауалнама жүргізіңдер.
  • Жиналған деректерді кестеге түсіріңдер.

Жазу

Кестені толтыру.

Сабақтың басы

Сабақ басында ынтымақтастық ортасын қалыптастыру үшін «Ертеңгілік шеңбер» ұйымдастырылады.

Ертеңгілік шеңбер

Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма?

Қимыл: қабақтарын сипайды.

Қайырлы күн, құлақтарым! Ояндыңдар ма?

Қимыл: құлақтарын сипайды.

Қайырлы күн, қолдарым! Ояндыңдар ма?

Қимыл: қолдарымен шапалақтайды.

Қайырлы күн, аяқтарым! Ояндыңдар ма?

Қимыл: аяқпен жерді тебеді.

Қайырлы күн, мұғалім! Мен ояндым!

Қимыл: күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады.

Ынталандыру және топқа бөлу

Оқушыларға суреттер таратылады. Олар үш топқа бөлінеді: «Қар», «Гүл», «Жапырақ». Оқушылар алған суреттерін тақтадағы тиісті орынға жабыстырады.

Сұрақтар

  • Тақтаға назар аударайықшы, не байқадық?
  • Не айта аласыңдар?

Мәлімет

Мектеп

№ 36 ЖОББМ КММ

Мұғалім

Молдабекова Г. С.

Ресурс

«Мәліметтер жинау» материалы (жүктеу бөлімі).