Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Құрмет пен алғысқа толы кездесу

Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, жанұяларыңызға бақыт тілейміз. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз сіздерге арналады.

Негізгі тілек

  • Денсаулық пен ұзақ ғұмыр
  • Қажымас қайрат пен тұрақты табыс
  • Шығармашылық шабыт пен шаңыраққа береке

Ұстаз туралы ұлағат

Ұстаз деген ұлы сөз — ұлағаттың өзегі. Ол болмаса, кім береді парасатты? Асылын беріп шәкірт бойына, сананы ағартып, жанға нұр құяды.

Ұстазға әркім бас июі керек,
Кемеңгер ақылшым деп білуі керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білуі керек.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған мұғалімді барша жан ардақтайды.
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Ұстаз бала десе өз қамын ойламайды; шәкірті күнге қол созса екен дейді. Шәкірттерінің өзінен озып, биікке самғауы — ұстаздың ең үлкен қуанышы.

Ұстаз — жарық күні ғаламның

Ұстаз — адам баласының анасы іспетті. Бүкіл әлем ұстаз еңбегін мойындайды: сен де адам болып қалыптасуыңда сол еңбектің ізі бар. Ұстаз тілін алу — ізгі іс. Ал ұстаздың алдында мақтау есту — өз арманыңның орындалғаны.

Ұстаз туралы ән қылып айтамыз, жүрекке жақын сыр қылып сақтаймыз. Ұстаз — ұлылардың ұлысы, қасиеті мәңгі құрметке лайық.

Ұстаз болу — биік жауапкершілік

  • Ұстаз болу — жүректің батырлығы.
  • Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.
  • Ұстаз болу — мінездің күн шуағы, адамның алтындығы.

Хор: «Ұстазым»

Ұстаздарға арналған нақыл сөздер

Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ұстазға қарап шәкірт өседі.

Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы.

Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та, тауыса алмаспыз. Ендеше, кезекті сыныптастарымыздың өздері қадірлейтін ұстаздарына арналған слайдтарға кезек берейік.

Жақсы оқушылар, сіздерге де осы ұстаздардай ұлы тұлға болып қалыптасуларыңызға шын жүректен тілектеспіз.

Өмірдің ұстазы

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,
Тарап демде кетеді шаршауың да.
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер —
Тұрғанда солардың қоршауында.

Қиындықта кезіксең көп асуға,
Қанша терің төгіліп жол ашуға —
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Тікелей эфир: сұхбат пен байланыс

Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы, ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жүгіртіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

Қоңырау қабылдау

Студиямызға тікелей қоңырау шалып, пікіріңізді білдіруге болады. Телефон нөмірі: 8701 ________. Қоңырауларыңызды күтеміз.