Астана қаласы, 57 орта мектептіңматематика пәні мұғалімі Ахмедия А. Ш. Сабақтың атауы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп
Астана қаласы, №57 орта мектеп
Пән
Математика
Мұғалім
Ахмедия А.Ш.
Сабақ тақырыбы
Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
Сілтеме
Оқу бағдарламасы. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық: «Математика», Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. Алматы: Атамұра, 2015.
Қолданылатын құралдар
Интерактивті тақта, Microsoft PowerPoint

Жалпы мақсат

  • ЕКОЕ алгоритмін қолдана отырып, есеп шығаруды үйрену.
  • Сандардың түрлерін ажырату және оларды жай көбейткіштерге жіктей алу.
  • ЕҮОБ пен ЕКОЕ ережелерін тұжырымдап, есеп шығаруда қолдану.
  • Өткен тақырыптарды еске түсіріп, ойлау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ЕКОЕ табу ережесін қолданып, есептерді өздігінен шығара алады.

Оқыту әдістері

Сыни тұрғыда ойлау Топтастыру Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс Диалогтық оқыту Оқыту үшін бағалау АКТ

Сабақ құрылымы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу

1 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру

2 минут — «Тілек айту» әдісі

Топқа бөлу

3 минут — «Жемістер» арқылы

Бағалау

Бағалау парағы және сабақ критерийлерімен таныстыру

Ой қозғау: «Пионербол» ойыны

Теориялық білімді тексеру үшін мұғалім доп лақтырып, сұрақ қояды. Допты алған оқушы жауап береді. Егер жауап бере алмаса, досынан көмек сұрап, допты соған лақтырады.

Үй тапсырмасын тексеру

5

«Ыстық орындық» әдісі бойынша №717 (жұп) және №718 есептерінің шешімін түсіндіру.

Қызығушылықты ояту

Конвертке жазылған тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру және тақырыпқа кіріспе жасау.

Топтық жұмыс

5 минут

I. Білу: ЕКОЕ туралы негізгі ұғымдар

ЕКОЕ табу алгоритмі

  1. 1 Берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.
  2. 2 Берілген сандардың ішіндегі ең үлкенінің жай көбейткіштерін жазу.
  3. 3 Осы тізімді басқа сандардың жіктелуінде бар, бірақ ең үлкен санның жіктелуінде жоқ жай көбейткіштермен толықтыру.
  4. 4 Алынған көбейткіштердің көбейтіндісін табу.

Анықтама

Берілген сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал сан ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) деп аталады.

Маңызды ереже

Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі осы сандардың көбейтіндісіне тең.