Балалардың ауылға келуі

Тақырыбы

«Бай баласы мен жарлы баласы» — Ыбырай Алтынсарин (2-сынып).

Сабақтың мақсаты

Ертегімен (әңгімемен) таныстыру арқылы оқушының қиялын дамыту.

Білімділік

Әңгіменің сюжетін тереңірек меңгертіп, тақырыбы мен идеясын ашу. Кейіпкерлер жүйесін талдауға жаттықтыру.

Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау және жинақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа және достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Сыны тұрғысынан ойлау сабағы.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, Венн диаграммасы.
Көрнекілік
Интерактивті тақта, слайдтар.

Негізгі идея

Шығарманың өзегін кейіпкерлер бейнесі ашады: кейіпкердің іс-әрекеті мен мінезі арқылы автордың ойы айқындалады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу және сабақ мақсатын айқындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта Ыбырай Алтынсарин туралы айтылған. Үй тапсырмасын қайталап, тірек-сызбаны толтырамыз.

  • 1) Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер?
  • 2) Ол қандай игілікті іс атқарды?

Топтастыру әдісі

Ы. Алтынсарин — қазақ әдебиетінде тұңғыш рет балаларға арнап әңгімелер жазған ағартушы-жазушы. Әңгіме — көлемі шағын, оқиғасы жинақы көркем шығарма; кейіпкер мінезі оның іс-әрекеті арқылы көрінеді.

III. Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс және талдау

Әңгімені толық оқып, кейіпкерлердің мінезін әрекеттері арқылы талдаймыз. Мақсат — кейіпкерлерді салыстыру арқылы автор айтар ойды анықтау.

Талдау нысаны

Оқиғадағы негізгі кейіпкерлер: Асан және Үсен. Әр оқиғада олардың таңдауы, шешімі және жауапкершілігі бағаланады.

Талқылау сұрағы

Қай кейіпкер қиындықтан шығудың жолын табады? Неліктен? Дәлел ретінде мәтіннен мысал келтіреміз.

Оқиғалар Асан Үсен
1) Ауылдан көшіп кетуі Мінез-құлқын анықтау Мінез-құлқын анықтау
2) Балалардың үйрекке кез болуы Әрекетін бағалау Әрекетін бағалау
3) Түскі тамақ Қорытынды шығару Қорытынды шығару
4) Балық аулау Қабілетін салыстыру Қабілетін салыстыру
5) Далада өткен түн Төзімділігін талдау Төзімділігін талдау
6) Балалардың ауылға келуі Нәтижесін бағалау Нәтижесін бағалау

IV. Бекіту

Салыстыру

Асан — бай баласы, көбіне қиындық көрмеген. Үсен — қиындыққа төтеп беріп, одан шығудың амалын білетін, тәжірибелі әрі епті кейіпкер.

Венн диаграммасы

Екі кейіпкердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаймыз. Әңгімеден Асанның әкесі мен Үсеннің әкесінің сөздерін тауып, мәнерлеп оқимыз.

Жинақтау

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйене отырып, автордың негізгі ойын тұжырымдаймыз: еңбек, төзім және ақыл — қиындықты жеңудің тірегі.

V. Сабақты қорыту

Жазушы бізді еңбекқорлыққа, білімге ұмтылуға шақырады. Оқу — еңбектің бір түрі. Сабақты жақсы оқып, туған жеріңе адал еңбек етсең, болашақта елге пайдалы азамат боласың.

VI. Үй тапсырмасы

  • Әңгімені оқып келу және кейіпкерлердің мінезін дәлелдейтін үзінділерді белгілеу.
  • Асан мен Үсенді салыстырып, қысқаша қорытынды жазу (3–5 сөйлем).