Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Кіріспе сөз
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын, мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұл тілдер: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.
«Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл».
Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасы күшейген қазіргі кезеңде оқушылардың шет тіліне қызығушылығын ояту, білімге құштарлығын арттыру және танымдық белсенділігін күшейту — басты міндеттердің бірі. Сондықтан оқушылардың ағылшын тілін білуі — уақыт талабы.
Бүгінде шетел тілі көптеген мектептерде 1-сыныптан бастап оқытылады. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен-ақ ұлтаралық және мәдениетаралық өзара түсіністікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Бастауыш сыныптан оқытудың артықшылығы — баланың психологиялық қабылдауына сай сөзді тыңдап, түсінуге дағдылануына көмектесуі, әрі негізгі мектепте білімін берік нығайтып, оқу сапасын арттыруға мүмкіндік беруі.
English by Heart таңдау курсы (5-сынып)
Бағдарлама 5-сыныпқа арналған және сабақтан тыс форматта жүзеге асырылады: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Түсінік хат
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген қағидаға сүйене отырып, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру — бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік өркениет жолына түсуіне байланысты мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйелі түрде жолға қойылды. Ұлттық білім жүйесіндегі өзгерістер мен талаптарды ескере отырып, бұл таңдау курсы 5-сыныпта енгізіледі.
Маңызы мен ерекшелігі
- Оқу және жазу дағдыларының негізін қалау.
- Сөйлемді түсінікті құрастыруға, мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету.
- Сөйлеу тілін дамыту және қызығушылықты арттыру.
Пәннің ерекшелігі
Шетел тілі пәні тек фонетикалық, лексикалық және грамматикалық білім берумен шектелмейді. Ең бастысы — шетел тіліндегі тілдік әрекетті мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту және көптілді, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Бағалау тәртібі
Бағдарламада бағасыз оқу тәсілі қолданылады, ал әр жартыжылдық сайын сынақ алынады.
Мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтиже
Мақсаты
Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері
- Оқушыларды өз тілімен қатар өзге тілді меңгеруге баулу.
- Ағылшын тілі бойынша толық мәлімет беріп, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту.
- Өз ойын ағылшын тілінде ашық жеткізуге машықтандыру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар өз тілін құрметтеуді үйренеді.
- Шетел тілінде сөйлеу дағдылары қалыптасады.
- Өзіндік білімін жүйелі жетілдіреді.
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары
Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және тұтастай дамуына ықпал ету; сөйлеу қызметінің негізгі түрлері бойынша қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыретті қалыптастыру; оқушылардың эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамыту; ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгерту.
Сөйлеу дағдылары
Монолог
Оқушылар көрген-білгені туралы, белгілі бір тақырып немесе сурет бойынша пікірін жеткізіп, сипаттай білуі керек. Монолог барысында әртүрлі сөз үлгілерін қолданып, 10–15 сөйлем құрап айтуы тиіс.
Диалог
- Диалогты бастау және аяқтау.
- Жағдайға байланысты ақыл-кеңес беру, ұсыныс айту.
- Ұсынысқа келісу/келіспеу көзқарасын білдіру.
- Мәлімет сұрау, мәлімет беру және пікір алмасу.
Жазу
- Суреттердің астына жеке сөздер мен қысқа сөйлемдер жаза алу.
- Үлгі бойынша қысқаша құттықтау жазу (мереке, туған күн және т.б.).
- Берілген үлгіге ұқсатып шағын хат жазу және сауатты жазуға дағдылану.
Оқу
5-сыныпты аяқтаған оқушы меңгеруі тиіс
- Затты сипаттап жазу (орны, белгілері): мысалы, сурет бойынша сынып бөлмесі және т.б.
- Мәтін немесе сурет бойынша қысқа әңгіме жазу.
- Тақырыптық мәтіндерді тыңдап түсіну және сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Тыңдап түсіну
Оқушылар мұғалімнің және сыныптастарының бұрын үйренген, өздеріне таныс материалдарға құрылған сөздерін, сөйлемшелерін және мәтіндерін түсінуге дағдылануы тиіс. Тыңдалым материалында әр сөйлемше 15 сөзге дейін болып, жалпы айтылу уақыты шамамен 3 минутқа созылады және сөз жай қарқында айтылады.
Тілдік тақырыптар
Өзім туралы
Таныстыру, қызығушылық, күнделікті әрекет.
Мектеп, үй, ойын
Орта, ережелер, бос уақыт, хобби.
Жанұя мүшелері
Туыстық атаулар, сипаттау, қарым-қатынас.
Ай аттары
Күнтізбе, мезгілдер, жоспарлау.
Дүкен
Сатып алу, баға, сұрау-жауап үлгілері.
Автор туралы мәлімет
Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі — Талғат Гүлназ Талғатқызы.
Материал: «Ағылшын тілінен 5-сыныпқа арналған ENGLISH BY HEART таңдау курсы».