Қыз өссе - елдің көркі атты тәрбие сағатының жоспары
Тәрбие сағатының жоспары
«Қыз өссе – елдің көркі» атты тәрбие сағаты оқушыларды тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өнерге баулуға, ата дәстүрін тануға, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге, сондай-ақ ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға бағытталады.
Мақсаты
- Өнерге қызығушылықты арттыру, эстетикалық талғамды дамыту.
- Ата-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды таныту.
- Үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық мәдениетін қалыптастыру.
- Ана мен қыз арасындағы сыйластықты нығайту.
Көрнекілігі
- Тәрбие сағатының мәнін ашатын мазмұнды плакаттар.
- Сергіту сәтіне арналған көмекші құралдар.
Барысы
Құрметті ардақты аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз!
Бүгінгі «Көктем аруы» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бұл — көктем мерекесі. Әрине, наурыз айы — асыл аналар мен ару қыздардың мерекесі. Біз де осы мерекелі айға өз мерекемізді қоссақ деген ниеттеміз.
Өлең жолдары
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Қатысушыларды таныстыру
Қыздарды ұлдар ортаға алып шығады. Қатысушылар таныстырылымы төмендегідей жүргізіледі.
-
Зарема — Арғын
№1Жақсы адам кімге болсын болар пана, мол оның тал бойына ақыл, сана. Көркіне ақылы да сай келетін бірінші болып сахнаға шыққан қыз — Зарема. Қошеметпен қарсы алайық!
-
Наргиз — Рахат
№2Өнер қуған жасынан, өнері судай тасыған. Келесі — Наргиз. Қошеметпен қарсы алайық!
-
Айшуақ
№3Бәріміз жақсы көретін, жарыста демеу беретін. Келесі — Айшуақ. Ән шырқап, өнерін көрсетеді.
-
Айгерім
№4Мінезі сыпайы, әрдайым жайдары. Қыз сынына жүрек жұтқан Айгерім келіп жетті.
-
Құндыз
№5Сабырлы әрі салмақты, өзі өнерлі, жан-жақты. Келе жатқан Құндыз бүгінгі жарысты жалғастырады.
-
Дильназ
№6Білімімен қуантатын Дильназды қошеметпен қарсы алайық. Білімің талабыңа серік болсын, бүгінгі тілегіміз қабыл болсын!
-
Ажар
№7Құлпырған дала гүліндей, әркез күлімдей. Арманыңа ақ ниетпен жет, сүрінбей!
-
Алуа
№8Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар, бәрі де арманыңа қолың созар. Арманың орындалсын, Алуа! Бақыт құсы қонсын!