Беліңнің мықтысы бір басыңа, мықты - Еліңнің мықтысы бір ғасырға

Сыныптан тыс шара туралы мәлімет

Өтетін орны
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, мектеп-гимназия
Жүргізуші / ұйымдастырушы
Ағылшын тілі мұғалімі Раметулла З. М.
Тақырып
«Қазақстан — татулық пен бірліктің Отаны»
Қатысушылар
10–11 сынып оқушылары
Түрі
Полиглот сайысы
Әдісі
Сұрақ–жауап
Көрнекі құралдар
Мемлекеттік рәміздер, слайд «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр», фотосуреттер

Мақсаты

  • Ұлттық дәстүр мен салт-сананың нәрінен сусындауға, тәлім-тәрбие мен тағылымды адамгершілік қасиеттердің өнегелі үлгісі ретінде бойға сіңіруге мүмкіндік жасау.

  • Еліміздің дамуына барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірлесе үлес қосуына ықпал ету.

  • Ел бірлігін қамтамасыз етуде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызын ұғындыру.

Негізгі ой

«Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден — қазақтардан артық мүдделі кім бар?! Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ».
— Нұрсұлтан Әбішұлы

Жүру барысы

I. Кіріспе

Қазақстан — біздің қасиетті мекеніміз. Келешек ұрпақ осы қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаяды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен сан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларды құшағымызды ашып, қазақы қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды.

Бүгінде біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі — көпұлтты мемлекеттер дәуірі, бұл — әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барлық ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан азаматтарын алалауға, бауырластықты бұзуға ешкімнің хақысы жоқ.

Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, татулықта, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру — әр азаматтың берік ұстанымы болуы тиіс. Өз халқын сүйетін адам өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз.

Тіл саясатына жауапкершілікпен қарау қоғамымызды одан әрі ұйыстыратын маңызды фактор. Алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды табандылықпен жалғастыру қажет. Кез келген тіл өзге тілдермен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте ұстаған жөн.

I кезең. «Жылдар және сандар сыр шертеді»

Years and numbers are speaking.

Тақтаға жылдар мен сандар ілінеді. Оқушылар олардың мағынасын ашып, тарихи деректермен байланыстырады.

1920

Тарих

Қазақстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАССР) мәртебесіне ие болды.

1936

Тарих

Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республикаға айналды.

30 тамыз 1995

Құқық

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1997

Ел дамуы

Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

Қосымша талқылауға арналған сандар: 550, 20, 265, 362. Оқушылар бұл сандардың ел тарихы, мерейтойлар, маңызды көрсеткіштер немесе деректермен байланысын өз бетінше дәлелдейді.

II кезең. «Сөз сарасы»

Қазақ халқының Отан, жер, ел туралы мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерін үш тілде қолдану тапсырмасы.

Ел боламын десең, бесігіңді түзе.

Тірек сөз: бесік

Бірлік болмай, тірлік болмайды.

Тірек сөз: бірлік

Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті.

Тірек сөздер: жас, тас, ас

Беліңнің мықтысы — бір басыңа, еліңнің мықтысы — бір ғасырға.

Тірек сөз: мықты

Жат елдің қаршығасынан өз еліңнің қарғасы артық.

Тірек сөздер: қаршыға, қарға

Жеті атасын білмеген ұл — жетесіз, жеті атасын білген ұл — жеті жұрттың қамын жер.

Тірек сөз: жетесіз

Өзін ғана білген ұл — құлағы мен жағын жер.

Тірек сөздер: құлақ, жақ

Отан қадіріне жетпеген — өз қадіріне жетпейді.

Тірек сөз: қадір

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат.

III кезең. «Қазақ елі»

Оқушылар Қазақстан Республикасы туралы сұрақтарға ағылшын тілінде жауап береді.

  • Қазақстанның Елтаңбасы мен Туы

    Emblem and Flag of Kazakhstan

  • Қазақстан Республикасы

    Republic of Kazakhstan

  • Қазақстан туралы мәлімет

    Information on Kazakhstan

  • Қазақ тілі

    Kazakh language

  • Қазақстан халқы

    Population of Kazakhstan

Ескерту

Құжаттың толық нұсқасын қажет болған жағдайда бөлек жүктеп алуға болады.