Барлығы неше текше
Сабақ туралы мәлімет
- Тақырып
- Қосудың терімділік қасиеті
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
- Мақсаты
-
Оқушыларды қосудың терімділік қасиетіне негізделген тәсілмен таныстыру: көршілес екі қосылғышты олардың қосындысымен алмастыру.
Үш қосылғыштың қосындысын табуға берілген есептер арқылы есеп шығарудың әртүрлі тәсілдерін көрсету.
Танымдық қабілетін дамыту.
- Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік, «Миға шабуыл» стратегиясы, «Алтын сандықша» стратегиясы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Күнделікке бүгін
Кілең бестік толсын.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№6 тапсырма (83-бет).
III. Жаңа сабаққа даярлық
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — қосудың терімділік қасиеті.
Бұл қасиетті дұрыс түсіну үшін сендердің көмектерің қажет.
Балалар, сендер кемемен жүзіп көрдіңдер ме? Ендеше қазір бәріміз бірге «кемелермен жүзейік».
Мен сендерге өрнектер таратамын. Әр өрнектің жауабын тақтадағы кемелерден табыңдар.
Сұрақтар
- Қосудың компоненттерін атаңдар.
- Қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгере ме?
- Қандай байқау жасадыңдар?
IV. Жаңа сабақ
Тапсырма: «Барлығы неше текше?» Өрнекті жаз.
Үш қосылғыштың қосындысын әртүрлі тәсілмен есептейік (жақшалардың орны өзгергенде нәтиже өзгермейтінін байқаймыз).
1-тәсіл
a + (b + c)
2-тәсіл
(a + b) + c
3-тәсіл
(a + c) + b
Қорытынды
Қосудың терімділік қасиеті бойынша қосылғыштарды әртүрлі топтастырсақ та, қосындының мәні өзгермейді: (a + b) + c = a + (b + c)
V. Бекіту
№3. Есепті шығар.
1-тәсіл
(10 + 20) + 30 = 60
2-тәсіл
20 + (30 + 10) = 60
3-тәсіл
(30 + 20) + 10 = 60
Жауабы: қалташада барлығы 60 шар.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей — иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей — иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ — жаттығу оңай-ақ.
№4. Өз бетінше орындау. Сызбаға қарап, есепті шығар.
Жемсауытта 3 сары шымшық, 4 көгершін және 5 торғай бар. Жемсауытта барлығы неше құс бар?
Шымшық
3
Көгершін
4
Торғай
5
Шешуі: 3 + 4 + 5 = 12
Жауабы: жемсауытта барлығы 12 құс бар.
VI. Сабақты қорытындылау
Балалар, бұл не? (сандықша)
Сандықшалар нешеу?
Енді «Алтын сандықша» ойынын ойнаймыз.
Сандықша: 9
- 3 + (5 + 1) = 9
- (3 + 1) + 5 = 9
- (5 + 3) + 1 = 9
Сандықша: 8
- 2 + 5 + 1 = 8
- 5 + 1 + 2 = 8
- 1 + 2 + 5 = 8
Сандықша: 7
- 1 + 4 + 2 = 7
- 2 + 1 + 4 = 7
- 4 + 2 + 1 = 7
Енді осы сандықшалардағы сандардан өрнек құрастырайық: 9 + 8 + 7 = 24
Қайталау сұрақтары
- Қосудың компоненттері қалай аталады?
- Қосылғыштардың орны ауысса, қосындының мәні өзгере ме?
Үй тапсырмасы
№5 тапсырма (84-бет).
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
Сабақ ұнаса, көңіл күйді білдіретін стикерлерді (күлімсіреу белгілерін) тақтаға жапсырыңдар.