Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген, Сусыным бір қанбай қойды ежелден

Мұқағали Мақатаев

Аулақ, аулақ,
Аулақ менің жанымнан!
Қара уайым қара шәлі жамылған.
Жазбын әлі гүлім жаңа жарылған,
Бұлбұлымды ұшырған жоқ бағымнан.
Жалт бұрылып, жанарымнам шашқанда
Жатыр екен жүрген ізім дастан боп.
Бар сырымды түгел әлі ашқам жоқ,
Дүлдүліме әлі қамшы басқам жоқ.
Кейімеймін, кейімеймін тағдырға,
Артта уайым, ал қуаныш алдымда.
Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген,
Сусыным бір қанбай қойды ежелден.
Ол - жүректің шөлдегені сезем мен;
Төрт аяғын тағалатып буырылдың
Бұрқыратып, кең өлкемді кезер ме ем?
Сусыны жоқ жолаушыдай қаңсыған,
Сусыным бір қанбай, мені жаншыған.
Жүректің бір қалағаны бар шығар,
Қаталаған шөлімді бір басар ма ем,
Сусын ішіп даладағы малшыдан.
Шөлім неге, шөлім неге қанбайды?
Тәтті де іштім, ащы да іштім, нанбайды...
Жүрек нені, жүрек нені талғайды?!
Қыр басында отыратын ауылдың
Қымызымен жібітер ме ем таңдайды...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Қазтуған Сүйінішұлы
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Қазтуған Сүйінішұлы- жырау
БІЗ – ҚАЗАҚ, ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
Шәкәрім шығармашылығындағы діни терминдердің маңызы
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Жыраулар поэзиясының қазақ елінің тарихындағы маңызы, жаңа қоғамға тигізетін әсері
Биенің сүті
Қазақ поэзиясының өрен жүйрігі - Ілияс Жансүгіров
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы