Құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан пайда болған тау жынысы
Сабақтың тақырыбы
Пайдалы қазбалар және олардың түрлері
Сабақтың типі
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, сурет.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылар пайдалы қазбалардың түрлерін топтастырып, олар туралы білім-түсінігін кеңейтеді.
- Пайдалы қазбаларды қолдану аясына негіздеме дайындайды.
- Табиғатты аялауға, ел байлығын ұқыпты әрі үнемді пайдалануға тәрбиеленеді.
Әдістер мен көрнекіліктер
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Оқулықпен жұмыс
- Дәптермен жұмыс
- Сұрақ–жауап
- Ойын
- Кесте толтыру
- Зерттеу
Көрнекіліктер
- Пайдалы қазбалардың түрлері
- Кесте
- Слайд
- Тест
- Сөзжұмбақ
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру: психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: тау жыныстары. Тығыз және бос тау жыныстары.
I топ: тест жұмысы
-
1) Ненің түйіршіктері сусып, бір-бірімен байланыспайды?
- А) саздың
- Ә) құмның
-
2) Таза құмнан не дайындайды?
- А) әйнек
- Ә) цемент
-
3) Өте майда тау жынысын тап.
- А) гранит
- Ә) саз
-
4) Құмнан не түзіледі?
- А) әктас
- Ә) құмтас
II топ: сөзжұмбақ
-
Құм түйіршіктерінің бірігіп, қатуынан пайда болған тау жынысы:
Құмтас
-
Жер қыртысының терең қойнауында орналасқан қатты, тығыз тау жынысы:
Гранит
-
Гранит қазақша қалай аталады?
Түйіршікті
-
Бидайды ұн қылып тартатын құрал:
Диірмен
III топ: «Ұяшық таңдау» ойыны
Дұрыс жауап беріп, ұпай жинау арқылы білімімізді көрсетеміз.
10 ұпай
Тау жыныстары дегеніміз не?
10 ұпай
Тығыз тау жынысына нелер жатады?
10 ұпай
Тау жыныстары қалай пайда болады?
20 ұпай
Бос тау жыныстарына нелер жатады?
20 ұпай
Табиғатта тау жыныстары неше күйде кездеседі?
20 ұпай
«Гранит» сөзі қазақша қалай аударылады?
30 ұпай
Гранит Қазақстанның қай өңірлерінде көбірек кездеседі?
30 ұпай
Құмтас қалай пайда болады? Құм түйіршіктері бірігіп қатуы үшін қандай ерітінділер араластырылады?
Қорытынды
Жер қыртысын құрап жатқан денелер тау жыныстары деп аталады. Енді олар қалай алынатынын және адамның қажетіне қалай қолданылатынын жаңа тақырыппен байланыстырамыз.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту: топтастыру жұмысы
Белсенді тақта арқылы берілген сөздерді тиісті топқа орналастырамыз. Осылайша пайдалы қазбалардың қолданылу бағытын ажыратамыз.
Отын түрлері
Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика-заводтар мен электр станцияларының жұмысы үшін.
- Тас көмір
- Мұнай
- Газ
Металдар
Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол және көпір салуда.
- Мыс
- Темір
- Қорғасын
- Алюминий
Құрылыс материалдары
Үйлер мен ғимараттар салуға қажетті негізгі шикізат.
- Құм
- Саз
- Тас
- Әк
Есте сақта
Пайдалы қазбалар — жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.