Баршаңызды бүгінгі Алтын күз

Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі

Бұл сценарий мектептегі «Алтын күз» мерекесіне арналған. Бағдарламада өлеңдер, жұмбақтар, қимылды сергіту сәті, көріністер, би және ойындар қамтылған.

Тақырыбы

Алтын күз!

Мақсаты

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыру.
  • Белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
  • Жауапкершілікке баулу.

Көрнекіліктер

  • Күз тақырыбындағы суреттер
  • Шарлар
  • Ленталар
  • Жапырақтар

Кіріспе

Тәрбиеші

Армысыздар, құрметті ата-аналар мен қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Алтын күз!» мерекесімен 0 «В» сыныбы шын жүректен құттықтайды! Бүгінгі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалар, бүгін бізге қонаққа Күз патшайымы келіпті. Олай болса, бәріміз қарсы алайық!

Өлең жолдары

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күзде нұр төгіп.

Тілегім — аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді ел іргесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз — ырыс-береке ала келді.

Әуен ойнап тұрады.

Күз ханшайымы

Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелерің құтты болсын! Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мен өзіммен алтын жапырақтарымды алып келдім. Әр жапырақта тапсырма бар. Егер тапсырмаларымды орындасаңдар, менің де сендерге сыйлығым бар.

Жұмбақ

Ағайынды бәрі,
Шықса — жасыл,
Түссе — сары.
Бұл не?

Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Тәрбиеші

Балалар, күз ханшайымын төрге шығарайық. Ол ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді.

Өлеңдер бөлімі

Оқушылар күз мезгілі туралы жаттаған тақпақтарын оқиды. Қошеметпен қарсы алайық!

Аянат

Күз келді, алақай!

Алтын келді далаға.

Дәні биік бидайды

Құйып жатыр қамбаға.

Жанель

Молшылыққа бөленген,

Күз айы неткен ырысты ең!

Біздерді қауыштыратын

Ыстық ұя — мектеппен.

Меруәт

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Калима

Қарашы, күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен құрады,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Ақбөбек

Біз кішкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізде қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.

Мейірлан

Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Сабыржан

Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда,

Трактор қырда.

Мерей

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.

Әміржан

Алтын сары, қызыл, көк —

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күз ханшайымының тапсырмалары

1-тапсырма: Күзді таны

Сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап: Күз.
Сұрақ
Күз айларын атаңдар.
Жауап: Қыркүйек, қазан, қараша.

Келесі бөлім: «Күзгі жапырақтар» биі.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыспен орындалады:

Ветер дует нам в лицо,

Закачалось деревцо.

Ветер тише-тише,

А дерево выше-выше.

2-тапсырма: Табиғат сыйлары

Сұрақ
Көкөністер қайда өседі?
Жауап: Бақшада.
Сұрақ
Жемістер ше?
Жауап: Бақта (бауда).

Ән мен би

  • Ән: «Күз әуені»
  • Би: «Бұлттар мен тамшылар» биі
  • Би: «Күзгі жапырақтар» биі

Көрініс: «Көкөністер айтысы»

Балалар көкөністердің пайдасын көрініс арқылы жеткізеді.

Ерген (қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Нұрдәулет (картоп)

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

Бақдәулет (ас бұршағы)

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне.

Дәмді салаттарыммен,

Сый жасаймын бәріңе.

Әлижан (пияз)

Боламын мен демеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Шапағат (сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.

Ернұр (шалқан)

Кім білмейді шалқанды,

Дәмімді татып таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарқанды.

Бергей (қырыққабат)

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Жейді бәрі тамсана.

Гүлім (қызанақ)

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген?

Айкөркем (қызылша)

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге:

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.

Кәусар (медбике)

Көкөністердің бәрі де денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер!

Ойындар және білім сұрақтары

Ойын: «Жемістердің пайдасы»

Мақсаты: балаларға жемістердің денсаулыққа пайдасы көп екенін түсіндіру.

Сұрақ-жауап

  • Тапсырма: 1–10 сандарын тура және кері санау.
  • Ағылшын тілі: family — отбасы.
  • Сұрақ: Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай дыбыстар?
    Жауап: Екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.
  • Орыс тілі: көкөніс — овощ, жеміс — фрукты.

Тәрбиеші

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Ата-аналарға арналған бөлім

Күз ханшайымы ата-аналармен де бірге жұмбақ шешіп, ойын ойнауды ұсынады.

Жұмбақтар

  1. Піспегенде сырты қара, өзі қатты. Ал піскенде ерекше дәмі тәтті. (Картоп)
  2. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
  3. Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым. (Сәбіз)
  4. Жеп көріп едім өзін мен, жас шығарды көзімнен. (Жуа)

Ойын: «Кім жылдам?»

Күз мезгілінің суретін шар үрлей отырып салу.

Көрініс: «Жалғыз алма» ертегісі

  • Қоян: Гүлім
  • Кірпі: Аянат
  • Қарға: Әлижан
  • Аю: Шапағат

Қорытынды

Тәрбиеші

Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы

Рахмет, балалар! Маған мереке қатты ұнады. Енді менің орманға қайтатын уақытым болды.

Берекелі бақ дәулеті

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар!

Тәрбиеші

Алтын күздің сыйы — жемістерден дәм тататын кез келді. Сау болыңыздар! Күз берекелі, астықты болсын!

Мәлімет

Тәрбиеші: Ергебек Жазира Әбенқызы
№4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп