Топтармен танысу

Сайыстың мазмұны

Тақырыбы

«Дарабоз» спорттық сайыс

Өтетін орны

Спорт залы

Ойынға қатысушылар

Мектепалды даярлық тобы және №5 «Айгөлек» балабақшасының «Балапан» тобы.

Мақсаты

  • Салауатты өмір салтына қызығушылықты арттыру.
  • Спортпен айналысуда әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету және қолдануға дағдыландыру.
  • Балалардың спортқа деген қызығушылығын күшейту.
  • Ептілікке, шапшаңдыққа, тазалыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар

Көрнекіліктер

  • Сайыс тақырыбы (баннер/тақта)
  • Жарнамалық қағаздар
  • Эмблемалар

Керекті құралдар

  • Кеглилер
  • Қапшық
  • Шеңберлер
  • Боулинг доптары
  • Доптар

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті қонақтар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Бүгін мектепалды даярлық тобы мен №5 «Айгөлек» балабақшасының «Дарабоз» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаймыз.
Сайысқа қатысуға ортаға
«Тұлпар» мен «Қыран» топтарын шақырамыз.

Сайысымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен танысып алайық.

Сайыс кезеңдері

Ережелер қарапайым: әр кезеңде топтар тапсырманы қауіпсіз әрі шапшаң орындап, ұпай жинайды.

  1. 1-кезең: Топтармен танысу

    Таныстыру

    «Қыран» тобының ұраны

    Қырандай күшті, қанатты,
    Біз өрендер талапты.

    «Тұлпар» тобының ұраны

    Желмен бірге жарысқан,
    Тұлпар қалмас жарыстан.

  2. 2-кезең: Кім жылдам?

    Жүгіру

    Балалар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, кері қайтады.

  3. 3-кезең: Боулинг

    Нысана

    Балалар қатар қойылған кеглилерді допты домалату немесе лақтыру арқылы құлатуы керек.

  4. 4-кезең: Кедергілерден өту

    Ептілік

    Балалар орнатылған кедергілер арасымен шатаспай өтіп, жүгіріп қайтады.

  5. 5-кезең: Қаппен секіру

    Секіру

    Балалар қапқа кіріп, белгіленген жерге дейін секіріп барып, кері қайтады.

  6. 6-кезең: Шеңберден шеңберге

    Үйлесім

    Әр балаға екі шеңбер беріледі: бірін алға қойып, соның ішіне аттап, екіншісін ілгері жылжыту арқылы белгіленген орынға барып қайтады.

  7. 7-кезең: Кім шапшаң?

    Командалық жұмыс

    Балалар жоғарыдан бір-біріне доп беру арқылы жарысады.

Құрметті сайыскерлер, сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәттілік тілейміз!

Қорытынды және марапаттау

Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.

Сайыс шарттарына сәйкес қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталып, қатысушылар марапатталады. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп рақмет! Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!