Қыс айларын ата. Кім жылдам
Сайыс сабағы: «Сынып дарабозы» (презентациямен)
Мақсаты
Бастауыш сынып оқушыларының білім негізін қалыптастыру, пәндерге қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту және ауызша логикалық ойлауға баулу.
Көрнекілігі
Әріптер, сөздер және қосымша дидактикалық материалдар.
Түрі мен әдісі
Түрі: сайыс сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Ал, қанеки, балалар,
Бері қарай қарайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс тапсырма шешімін
Мұқиятпен табайық.
Әділқазылар алқасын сайлау.
Сайыскерлерді таныстыру.
Ойын мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру және білімдерін тереңдету.
Сайыс кезеңдері
I кезең: «Бәйге»
Жедел сұрақтар арқылы ұпай жинау.
II кезең: «Тапқыр болсаң, ұтып көр»
Ауызша есептерді жылдам шығару.
III кезең: «Мың бір мақал»
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
IV кезең: «Кім жылдам?»
Топтық сұрақтарға тез жауап беру.
V кезең: «Ойлан, тап»
Логикалық тапсырмалар мен тапқырлық.
VI кезең: «Кім көп біледі?»
Жалпы білімді тексеру.
I кезең: «Бәйге»
Ережесі
Сұрақтарға бірінші болып белгі көтерген оқушы жауап береді.
Егер жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап беруге мүмкіндік алады.
Әр дұрыс жауап 3 балл болып есептеледі.
Сұрақтар саны: 14.
Кезең соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.
Сұрақтар (үлгі жауаптарымен)
- Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? 2 сағат
- Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см = ? 68 см
- Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр: алмұрт па, әлде шабдалы ма? алмұрт
- Бір апта 2 күнде неше күн бар? 9 күн
- Саудагерлер екі үлкен тұзды белгі ретінде қойып кетеді. Бұл мәтіннің тақырыбы қалай аталады? Екібастұз
- Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады? тұсбағдар
- «Шана» мәтінінде Жәнібек әкесін қалай састырады? жауабы оқулық бойынша нақтыланады
- б, в, г, ғ, д, ж — қандай дыбыстар? ұяң
- Жуан дауысты дыбыстарды ата. а, о, ұ, ы
- Ең мықты қандай ағаш? емен
- Құрбақа қыста не жейді? ештеңе
- Бүлдіргенді жақсы көретін аң. аю
- 7 дм-де неше см бар? 70 см
II кезең: «Тапқыр болсаң, ұтып көр»
Кіріспе
Білімділер мен біліктілер ортаға шығып, шапшаң есептеудегі жылдамдығын көрсетеді. Тапсырмалар ауызша орындалады.
I топ тапсырмалары
- 95 − 34 = 61
- (12 + 5) − 10 = …
- (50 + 20) + 20 = …
- 1 сағ = 60 мин
- 70 мин = … сағ … мин
- 1 сағ 20 мин = … мин
II топ тапсырмалары
- 51 + 41 = 92
- 22 + 78 = 100
- 49 − 36 = 13
- 100 − (50 − 10) = …
- (70 − 30) + 20 = …
- 80 мин = … сағ … мин
- 1 сағ 30 мин = … мин
- 60 мин = … сағ
IV кезең: «Кім жылдам?»
Ереже
Топтарға сұрақтар қойылады. Оқушылар өз ойын ашық айтып, жауапты тез әрі нақты жеткізуі керек.
I топқа сұрақтар
- Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Сөйлемдегі сөздердің байланысы дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
- Ы. Алтынсарин кім? (қазақ мектебін ашқан ағартушы)
- Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең)
- Тірі табиғатқа не жатады? (адам және т.б.)
II топқа сұрақтар
- Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр)
- Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы, сұраулы, лепті)
- Түбір дегеніміз не?
- Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас және т.б.)
- Абай Құнанбайұлы кім? (ақын)
- Табиғат деген не? (айналадағы қоршаған дүние)
- Кез келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы)
III кезең: «Мың бір мақал»
Тапсырма
Төмендегі мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.