Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге, сөз ішінен таба білуге үйрету
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Бердіғалиева Роза Сүйінқызы.
Пән / Сынып
Қазақ тілі, 2-сынып.
Сабақ тақырыбы
Заттың сынын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты
- Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге және оларды мәтін ішінен табуға үйрету.
- Оқушылардың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамыту.
- Тазалыққа, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық.
Ортақ айту
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.
II. Өткен сабақты пысықтау (сұрақ-жауап)
Сұрақ 1
Қимылды білдіретін сөздерді атаңдар, оларға сұрақ қойыңдар.
Сұрақ 2
Етістік нешеге бөлінеді?
Сұрақ 3
Етістік қалай жасалады?
III. Жаңа сабақ
1-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсті білдіретін сөздерді табу. Табылған сөздерге сұрақ қою арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу.
Қосымша шығармашылық жұмыс
«Осы түстермен тағы нені бейнелеуге болады?» деген сұрақ аясында ойлану.
Мысалдар: көк — аспан, орамал, бұлт, көгершін және т.б.
Көрнекілікпен жұмыс
«Табиғат ғажаптары» мазмұнды суреті тақтаға ілінеді. Оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.
2-жаттығу
Өлеңді көшіріп жазу. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді табу. Сол сөздерге сәйкес суретті түстермен бояу және жұмысты аяқтағаннан кейін қысқаша әңгімелеу.
3-жаттығу (топтық жұмыс)
Оқушылар екі топқа бөлінеді: зат есім тобы және сын есім тобы. Шарт: берілген сөздермен танысып, заттың атын білдіретін сөзге сәйкес сынын білдіретін сөзді тауып жазу.
| Сын есім | Зат есім |
|---|---|
| Қалың — | аю |
| Жирен — | ат |
| Қоңыр — | киім |
| Тәтті — | қант |
| Қышқыл — | айран |
«Өз көршіңді тап» ойыны
Жаттығуды бекіту үшін ортаға кез келген бір сөз айтылады. Оқушы сөздің қай топқа жататынын анықтайды, оған қойылатын сұрақты атайды, кейін сол зат есімді сын есіммен байланыстырып, «көршісін» тауып, тақтаға шығады.
Мысал: доп — зат есім, жарық — сын есім.
IV. Сабақты бекіту
Қосымша тапсырма: етістіктерді табыңдар. Дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі сызықпен сызыңдар. Өздерің мысал келтіріңдер.
Сабақ басталды.
Жаңбыр жауып тұр.
Бақта гүлдер өсіп тұр.
Концерт басталды.
V. Үй тапсырмасы
- 4-жаттығу: жаңылтпашты жаттау.
- «Ала» сөзі қай жерде заттың сынын білдіріп тұрғанын анықтау.
- Шығармашылық жұмыс: заттың сынын білдіретін сөздерді қатыстырып, жұмбақ құрастыру.
VI. Бағалау
Сабақ барысында белсенділік танытқан, ерекше қабілет көрсеткен және шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушылар мадақталып, бағаланады.
Ескерту
Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеу қарастырылады.