Ғабит Мүсірепов Ананың анасы әңгімесі
Сабақтың тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әңгімедегі ана бейнесін ашу және ананың балаға деген сезімін түсіндіру.
- Білім қоржындарын толықтыру; әдеби-көркем сөйлеу тілін дамыту; өз ойын еркін жеткізуге үйрету; логикалық ойлауды қалыптастыру; ізденіске жетелеу және проблемалық сұрақтарды шешуге баулу.
- Өмірдегі ең жақын, ең қымбат жан — ананы құрметтеуге, тағзым етуге және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Білімді жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдістері
Сын тұрғысынан ойлау, іздену, ойқозғау.
Көрнекілігі
Жазушының портреті, ана бейнесі, ана туралы өлең жолдары.
Құрал-жабдығы
Интерактивті тақта, магнитофон.
Пәнаралық байланыс
Тарих, музыка.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Флеш-тренинг: сыныпта жылы атмосфера қалыптастырып, сабақты нәтижелі өткізуге жағдай жасау.
- Оқушылар шеңберге шығып, сағат тілі бағытымен бір-біріне бүгінгі күнге, сабаққа және аптаға қатысты жылы тілектер айтады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы дайындаған слайдтарын сыныпқа ұсынып, мазмұндайды. Тыңдай отырып, сынып оқушылары хронологиялық кесте құрастырады.
| Жылдар | Болған оқиғалар |
|---|---|
| 1902 | Солтүстік Қазақстан облысында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. |
| 1916 | 14 жасында орыс мектебіне оқуға түсті. |
| 1923–1926 | Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды. |
| 1934 | «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ақлима» әңгімелері жарық көрді. |
III. Қызығушылықты ояту
а) «Ана» деген сөзді естігенде ең алдымен ойларыңа не келеді, көз алдарыңа не елестейді? Ойларыңды жинақтап, топтастыру әдісімен жұмыс жасаймыз.
ә) «Менің анам…» сөйлемін аяқтау әдісі: әр оқушы өз анасы туралы қысқаша ой бөліседі.
IV. Жаңа сабаққа кіріспе
Анаң саған керек болса, анаңа да сен керек.
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл — дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Ана — үлкен күш. Сиқырлы да сырлы махаббаттың иесі, сұлулықтың бастауы — аналар. Ананың құдіреті шексіз: ана алақаны мен мейірімді жүрекке тең келетін ештеңе жоқ.
Ана туралы ақындар жыр жазып, суретшілер бейнесін салып, өз ризашылықтарын білдірген. Солардың бірі — Ғабит Мүсірепов.
Интерактивті тақта арқылы жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіледі. «Ананың анасы» әңгімесіне қысқаша шолу жасалады, өйткені оқушылар шығарманы үйден өздігінен оқып келеді.
V. Топтық жұмыс
Оқушылар көрген бейнефильм мен оқыған әңгімені пысықтау үшін топтарға бөлініп жұмыс жасайды:
Талқылау сұрағы 1
Әңгімеде кейіпкерлерден бөлек қандай суреттерді байқадыңдар?
(Жыл мезгілі — жаз, шаңқай түс, балалар, әңгімеші қария.)
Талқылау сұрағы 2
Әңгіменің басталуы мен аяқталуы туралы не айтасыңдар?
(Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесінен басталып, Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруімен аяқталады.)
VI. Жұптық жұмыс
а) «Кім жылдам?» әдісі: әңгімеден ананың портретін тауып, мәнерлеп оқыңдар.
Бейшараның боз көйлегі жырым-жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара. Еріні қырық тілінген, жарық-жарық. Бірақ түйілген қабағынан, от жанған көзінен жан шошырлық.
ә) Әңгімеден тұрақты тіркестерді, афоризмдерді, теңеулерді табыңдар.
Мысалдар:
- «Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ.»
- «Оқтаудай ойнап, киіктей орғып, жұлдыздай ағып.»
- «Білектің күші, найзаның ұшы…»
- «Түйілген қабақ, от жанған көз.»
VII. Сабақты бекіту
а) «Жуан-жіңішке сұрақтар»
Әр топ қарсы топқа мазмұн бойынша сұрақтар құрастырып қояды, жауаптарын дәлелмен негіздейді.
ә) Шығармашылық тапсырма
Әңгіме мазмұны бойынша ананың портретін салу.
б) «Бас иеміз аналарға»
Ана туралы өлеңдер мен шығармаларды еске түсіру.
в) Музыкалық сәт
Сынып болып ана туралы ән немесе өлең орындау.
VIII. Қорытынды
«Қазақ — ананың алақаны әлемді әлдилейді» деген сөз бар. Бұл әңгіме — соның айқын дәлелі. Қазақ әдебиетінде ана тақырыбы талай қаламгердің жүрегінен орын алған.
Әдеби байланыс
- Мұхтар Әуезов — «Адамдық негізі — әйел»
- Шыңғыс Айтматов — «Найман-ана»
- Мұқағали Мақатаев — «Аққулар ұйықтағанда»
- Міржақып Дулатов — «Шешенің балаларын сүюі»
IX. Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың топтық және жұптық жұмыстардағы белсенділігі, жауаптарының дәлелділігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
«Ана алақаны» тақырыбына эссе жазу.