Дененің инерттілігі

9-сынып сабағы

Бұл сабақ жоспары векторлар тақырыбын жүйелі түрде меңгертуге бағытталған: векторларға амалдар қолдану, вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары және проекцияларға амалдар қолдану.

Тақырыбы

  • Векторлар және оларға амалдар қолдану
  • Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары
  • Проекцияларға амалдар қолдану

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері
Тест, сұрақ-жауап, есеп шығару
Пәнаралық байланыс
Геометрия, сызу

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Оқушыларды векторлар ұғымымен таныстырып, есеп шығару барысында векторларға қолданылатын амалдарды пайдалануға үйрету.
  2. 2 Оқушылардың ой-өрісін дамыту, логикалық талдау дағдыларын жетілдіру.
  3. 3 Жаңа ұғымдарды күнделікті өмірмен байланыстырып, қажетті жағдайларда қолдана білуге үйрету.

Сабақ барысы

Кезең 1

Тестпен жұмыс

Кезең 2

Жаңа материалды меңгерту

Кезең 3

Тақырып бойынша есептер шығару (топпен жұмыс)

І. Тестпен жұмыс

Тест №1 — берілген сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңыз.

Белгі: дұрыс жауап * таңбасымен көрсетілген.

1) Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар:

  • A) * векторлық шама
  • B) скалярлық шама
  • C) физикалық шама
  • D) орын ауыстыру
  • E) жылдамдық

2) Қозғалысын 1 м/с² үдеумен бастаған автомобильдің 5 с және 10 с өткеннен кейінгі орын ауыстыруын анықтаңдар.

  • A) * 12,5 м; 50 м
  • B) 1,25 м; 0,5 м
  • C) 125 м; 5,0 м
  • D) 1,25 м; 500 м
  • E) 1,25 м; 0,05 м

3) Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі:

  • A) үдеу
  • B) * еркін түсу үдеуі
  • C) уақыт
  • D) арақашықтық
  • E) биіктік

4) Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деген қорытынды жасаған итальяндық ғалым:

  • A) Ньютон
  • B) Архимед
  • C) * Галилей
  • D) Кеплер
  • E) Циолковский

5) Биіктігі 6,0 м ағаштан алма үзіліп түсті. Ол қанша уақытта жерге түседі? (Ауаның кедергісі ескерілмейді.)

  • A) * 1,2 с
  • B) 12 с
  • C) 120 с
  • D) 0,12 с
  • E) 11,2 с

6) 200 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған ракета жоғары қарай 10 м/с² кемімелі үдеумен қозғалады. Оның ең жоғары көтерілу биіктігін анықтаңдар.

  • A) 3 км
  • B) 4 км
  • C) * 2 км
  • D) 5 км
  • E) 6 км

7) Дене 40 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Дененің 2 с және 5 с өткеннен кейінгі жылдамдығы қандай болады? Дене қанша жол жүреді және оның 5 с уақыт аралығындағы орын ауыстыруы неге тең?

  • A) * 20,4 м/с; 9 м/с; 60,4 м; 85,7 м; 77,4 м
  • B) 204 м/с; 0,9 м/с; 6,04 м; 8,57 м; 7,74 м
  • C) 2,04 м/с; 9 м/с; 60,4 м; 8,57 м; 7,74 м
  • D) 204 м/с; 90 м/с; 6,04 м; 8,57 м; 7,74 м
  • E) 2,04 м/с; 9 м/с; 604 м; 857 м; 774 м

8) Қисықсызықты қозғалыс деп:

  • A) * дененің қисық траектория бойымен қозғалысын
  • B) ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің қозғалысын
  • C) жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын
  • D) жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралықтарында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты
  • E) дөңгелек орбита бойымен қозғалысты

9) Периодқа кері шама:

  • A) уақыт
  • B) айналым саны
  • C) * жиілік
  • D) бұрыштық жылдамдық
  • E) радиус

10) Сағат тілінің айналуының бұрыштық жылдамдығы үлкен бе, әлде Жердің айналуының бұрыштық жылдамдығы үлкен бе?

  • A) * сағат тілінің бұрыштық жылдамдығы 2 есе үлкен
  • B) Жердің бұрыштық жылдамдығы 2 есе үлкен
  • C) жылдамдықтары тең
  • D) сағат тілінің бұрыштық жылдамдығы 2 есе кіші
  • E) Жердің бұрыштық жылдамдығы 4 есе кіші

11) Бұрыштық жылдамдық белгіленеді:

  • A) β
  • B) λ
  • C) * ω
  • D) ρ
  • E) μ

12) Егер радиусы 30 см доңғалақ 1 с ішінде 10 айналым жасаса, автомобильдің жылдамдығы қандай?

  • A) 190 м/с
  • B) 1,9 м/с
  • C) 0,19 м/с
  • D) * 19 м/с
  • E) 1900 м/с

13) Дене радиусы 50 м шеңбер доғасының бойымен қозғалады. Оның 10 с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,57 рад-қа тең. Сызықтық жылдамдық пен жүрген жолды табыңдар.

  • A) * 7,85 м/с; 78,5 м
  • B) 78,5 м/с; 7,85 м
  • C) 785 м/с; 7,85 м
  • D) 7,85 м/с; 785 м
  • E) 0,78 м/с; 785 м

14) Автомобиль радиусы 100 м айналым жолмен 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Центрге тартқыш үдеуді табыңдар.

  • A) 225 м/с²
  • B) * 2,25 м/с²
  • C) 22,5 м/с²
  • D) 0,22 м/с²
  • E) 0,3 м/с²

15) Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш:

  • A) ауырлық күші
  • B) тіректің реакция күші
  • C) үйкеліс күші
  • D) тартылыс күші
  • E) * серпімділік күші

16) Дененің инерттілігі:

  • A) жылдамдық
  • B) салмақ
  • C) * масса
  • D) күш
  • E) үдеу

17) Аспан координаталары аспан денелерінің орналасуын анықтайды:

  • A) * аспан сферасында
  • B) көкжиекте
  • C) экваторда
  • D) шырақтың биіктігінде

18) Қысқы күн тоқырауы қай шоқжұлдызда орналасады?

  • A) Шаян
  • B) Егіздер
  • C) * Мерген
  • D) Торпақ

19) Жазғы күн тоқырауы қай шоқжұлдызда орналасады?

  • A) * Торпақ және Егіздер
  • B) Шаян
  • C) Мерген
  • D) Ешкі мүйіз

20) Лифт табанында массасы 20 кг жүк жатыр. Лифт 2 м/с² үдеумен жоғары қарай қозғалады. Жүктің лифт табанына түсіретін күшін анықтаңдар.

  • A) * 40 Н
  • B) 50 Н
  • C) 60 Н
  • D) 70 Н
  • E) 80 Н

Ескерту

Кейбір сұрақтар (мысалы, 17–19) астрономия элементтерін қамтиды. Бұл бөлім оқушылардың жаратылыстану бағытындағы ұғымдарын кіріктіріп, пәнаралық байланыс орнатуға көмектеседі.