Сөз кезегі әділ қазылар алқасында

Жігіт сұлтаны байқауы

Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым! Ұлттың болашағы — ұрпақ қолында, ал ұрпақ тәрбиесі — өз қолымызда. Демек, ата-тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау секілді асыл ұғымдарды жас ұрпақтың бойына сіңіру — ортақ міндет.

Осындай игі мақсатпен, егемен еліміздің ертеңін нұрландырар, барыс текті намысты ұрпақ өсіруге үлес қосу үшін бүгін «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізгелі отырмыз.

Музыка: салтанатты кіріспе әуені.

Қазылар алқасы

Өрендерге бақ тілеп, қуаныш сыйлайтын, сезімтал мен зерегені таразылайтын бұл кеште тарландардың бағасын әділ шешетін қазылар алқасымен танысуға рұқсат етіңіздер:

  1. Қазылар алқасының мүшесі (аты-жөні көрсетіледі)
  2. Қазылар алқасының мүшесі (аты-жөні көрсетіледі)

Сайыскерлер

Арыстандай бабалар жолын қуып, ұлылықты ұғындырған сұлтандарға қарасаң, айбарлы да айбатты Абылай хан елестейді. Құрметті көрермен, бүгінгі сайысқа түсетін жігіттермен таныс болыңыздар:

Күй: «Адай»

  • 1-нөмірлі: Қожабаев Жандос

    9 «В» сыныбы

  • 2-нөмірлі: Акешев Имәнәлі

    8 «А» сыныбы

Байқаудың өту тәртібі

Бүгінгі сайысымыздың ұпайы 3 балдық жүйемен бағаланады. Ендеше, тарландарды сынап, сымбатты арландардың өнерін тамашалайық!

Кезеңдер

  1. Сайыскерді таныстыру
  2. Сұрақ-жауап
  3. Өнер көрсету
  4. Үй тапсырмасы
  5. Сән үлгісі
  6. Кір тасын көтеру

Ескерту

Сайыскерлер сахнаға ретімен шығып, әр кезеңде белгіленген уақыт пен талапты сақтайды. Қалған қатысушылар кезегін күтіп, дайын тұрады.

Білім сайысы: сұрақ-жауап

Ортаға білім сайысына түсуге барлық сайыскерлер шақырылады. Конверттер таратылып, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Үй тапсырмасы: қолөнер

«Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек. Өнерсіздің қылығы — өле көрмек», — демекші, келесі кезең — үй тапсырмасы бойынша қолөнер сайысы.

Әр сайыскер өз қолымен жасаған бұйымын көрсетіп, оның жасалу жолы мен мәнін қысқаша түсіндіріп, қорғайды.

Музыка: қатысушылар дайындалғанша әуен қойылады.

Көрініс: әзіл мен ой

Күлкі туралы көп айтылады. Бірақ оның адам өміріндегі орнын әділ бағалау керек: күлкі көңіл көтеріп қана қоймай, ой да тастаса — тіпті ғажап. Ендеше, сахнаға Еркін мен Мадияр шақырылады.

Көрініс: шағын сахналық қойылым.

Сән үлгісі

1) Қорқыт баба бейнесі

Бұл сән үлгісі — дүниенің төрт бұрышын кезіп, жерұйық іздеген Қорқыт бабаның бүгінгі ұрпағының образы. Қазақ елін жақсы өмірге жетелеуге бағытталған салиқалы ойдан туған бұл киім түлкі мен қарсақ терілерін қиюластырып, әсемдеп тігілген: жылы, қонымды, көркем.

2) Қазақтың шабандоз жігіті

Бұл — қазақтың шабандоз жігітінің киімі. Қазіргі заманда спорттық жарыстарға шыққанда киюге ыңғайлы, қозғалысқа қолайлы үлгіде ұсынылады.

3) «Алтын адам» бейнесі

Қазақ «биік тұлғалы» деген: Есік қорғанынан табылған Алтын адамның бейнесі. Жақұттай жалтылдаған бас киім, ақ жейде, әрі жайлы, әрі төзімді өкшесіз мәсі тектес етік — бұл сән үлгісі әлемнің әр түкпірінде өз маңызын жоймайды.

Қазылар: сән үлгісі кезеңі бойынша ұпайларды жариялайды.

1-нөмірлі Жандостың ұпайы: (көрсеткіш енгізіледі)

Өнер көрсету

Жігітке өлең де өнер, өнер де — өнер. Жүйрік ат өрге салсаң, өрмелейді. Келесі кезеңде сайыскерлер өз өнерін ортаға салады.

Сахнада: 1-нөмірлі Қожабаев Жандос, одан кейін келесі қатысушы өнер көрсетеді.

Арнайы музыкалық номер

«Қалалық “Замана бұлбұлдары”» байқауының жүлдегерлері — Желібаев Дархан және Ахметов Рүстем.

Қазылар: өнер көрсету кезеңі бойынша бағаларын береді.

Соңғы шарт: «Күш атасын танымас»

Бүгінгі сайыстың ең соңғы шарты — «Күш атасын танымас». Сайыскерлер ортаға шақырылады. Бұл кезеңде күш пен шыдам сыналады.

Қазылар: жігіттеріміздің ұпайын жариялайды.

Қазылар алқасы ақылдасқан сәт

Қазылар орнықтырар әділдікті. Кімдердің жігіттері кәміл шықты — білім мен тапқырлық сайысында жеңіске жетсе дейміз нағыз мықты!

Қазылар алқасы ақылдасқанша, сахнада Ғалымбек Сабина өнер көрсетеді.

Марапаттау және ақжолтай тілек

Батыр болған бабамнан — ел қорғауды, ару болған анамнан — ар қорғауды үйренген сұлтандарымызды ортаға шақырамыз. Сөз кезегі — әділ қазылар алқасында.

(Сегіз қыз лента алып шығады.)

Тұяқтарың мұқалмасын, қанаттарың талмасын. Жаман адам кезікпесін, аяқтан шалып қалмасын. Жігер оты көздеріңде жарқырап, қатардан еш қалмаңдар. Шат заманда, сүйікті елде биіктерге самғаңдар!