Аяққа арналған жаттығулар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Дене шынықтыру
Тақырыбы
Қызықты аңдар
Мақсаты
- Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету.
- Ойын арқылы қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
- Аяқ-қол, кеуде бұлшықеттерін жетілдіру және әрі қарай дамыту.
- Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Ұжым болып бірлесіп ойнауға баулу.
Көрнекіліктер
- Ойын құралдары
- Аңдар туралы бейнетаспа
- Суреттер (аңдар, орман көрінісі)
- Орман суреті
Әдіс-тәсілдер
Пәнаралық байланыс
Қоршаған ортамен танысу.
Сабақ барысы
Балалар әуен ырғағымен шеңберге тұрады. Тәрбиеші қонақтармен амандасуды ұсынады. Кейін бейнетаспадан күнді және оның нұрын тамашалап, балалардың көңіл-күйін көтереді.
Кіріспе бөлім
- Шеңбер бойымен жүру
- Аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру
- Жүгіру
- Демалу жаттығулары
Тәрбиеші: «Балалар, орманға саяхатқа барғыларың келе ме?» Орман алыс болғандықтан, жолға шығар алдында жаттығу жасап аламыз.
Жалпы дамыту жаттығулары
Бастапқы қалып: түзу тұру.
1) Басқа арналған жаттығулар (2 рет)
- Алға ию
- Бастапқы қалыпқа келу
- Артқа ию
- Бастапқы қалыпқа келу
2) Иыққа арналған жаттығулар (2 рет)
- Оң иықты көтеру
- Бастапқы қалыпқа келу
- Сол иықты көтеру
- Бастапқы қалыпқа келу
3) Қолға арналған жаттығулар (2 рет)
- Қолды алға созу
- Қолды жоғары созу
- Қолды жанға созу
- Бастапқы қалыпқа келу
4) Белге арналған жаттығулар
- Оңға иілу
- Бастапқы қалыпқа келу
- Солға иілу
- Бастапқы қалыпқа келу
5) Аяққа арналған жаттығулар
- Аяқты қосу
- Тізені бүгу
- Бастапқы қалыпқа келу
«Орманға жол» қимыл-қозғалыс тапсырмалары
Балалар саппен жүріп, кедергілерден өту арқылы «орманға» жетеді. Тәрбиеші қауіпсіздік ережесін еске салып, бір-бірінен адаспауға шақырады.
- Саппен жүру
- «Шалшықтан» секіру
- «Тастардан» секіру
- «Бұталардың арасымен» жүру
Орманды бақылау
Балалар орманға келген соң, бейнетаспадан аңдардың қимылын тамашалайды және сұрақтарға жауап береді: орманда қандай аңдар бар?
Қимылды ойын: «Қасқыр мен қояндар»
Ойын балалардың жылдамдық, ептілік және зейін дағдыларын дамытуға бағытталған.
Ойын шарты
- «Қояндар» сәбіз жеп отырады.
- Кенеттен «қасқыр» пайда болады.
- Қояндар шөптің тасасына қашып тығылады.
- Ұсталған баланы қасқыр «алып кетеді».
- Ойын бірнеше рет қайталанады.
Қорытынды бөлім
Балалар «елге қайтып», орманнан алған әсерлерімен бөліседі.
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
- Қай жерге саяхатқа бардық?
- Нелерді көрдік?
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.