Жасырын сөз

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі

Ашық сабақ

Пән

Өзін-өзі тану (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Ақылды тыңдай білу — өнеге

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Түсіндіру

Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңызын ұғындыру.

Дамыту

Мұқият тыңдау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелеу

Ақыл-өсиетті тыңдауға, бағалауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

  • 1 Оқулық, дәптер
  • 2 «Даналық сөздер сандығы»
  • 3 Үлестірмелі кеспе қағаздар
  • 4 Слайд, компьютер, үнтаспа
  • 5 «Айгөлек» журналы, ойындар

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге тұрып, қол ұстасады. Баянның сүйемелдеуімен бәрі көтеріңкі көңіл күйде «Жас ұландар» әнін орындайды.

«Жас ұландар» әні

Туған жердің бөбегіміз,

Туған жердің өлеңіміз.

Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде

Қараймыз келер күнге, туған ел!

Қайырмасы:

Отанның ұланы біз,

Жаңа ел — жолымыз.

Тұр әні нұр қия бел,

Өзіңді жырлаймыз, туған ел!

Біз бақыттың түлегіміз,

Біз уақыттың жүрегіміз.

Гүлдей боп жайнаймыз,

Өмірге еркелеп, көңілді өлке —

Өлкенің бұлағында ойнаймыз.

Қайырмасы:

Біз Отанның ұланымыз,

Біз Отанның қыранымыз.

Бұлбұл боп сайраймыз,

Қараймыз келер күнге, туған ел!

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді?» Оқушылар жауап береді: «Айным, күнім, жұлдызым».

Осыған сай сынып 3 топқа бөлінеді: «Ай» тобы, «Күн» тобы, «Жұлдыз» тобы.

«Бәйге» ойыны (тақырыпты ашу)

Тақтадағы жасырын сөзді табу үшін топтарға сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап тақырыпқа жақындатады.

Ай тобы

  1. Жалғастыр: «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса, ...»
  2. «Өнер алды — ...»
  3. «Талаптыға ...»

Күн тобы

  1. «Жақсының жақсылығын айт, ...»
  2. «Жақсы сөз — ...»
  3. «Ойлы бала ...»

Жұлдыз тобы

  1. «Адам өміріндегі ең қажетті білім — ...»
  2. «Арман — адамға ...»
  3. «Айнымас досы бар адам — ең ...»

Жасырын сөз

Ақылды тыңдай білу — өнеге

Әңгімелеу және тыңдалым

Мұғалім тақырыптың мәнін аша отырып, үнтаспадан С. Ақаевтың «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын» әңгімесін тыңдатады.

Күн тобы

Әкенің өсиет сөзінің мәні неде?

Ай тобы

Балалар әке сөзін тыңдаудың арқасында қандай дәрежеге жетті? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Жұлдыз тобы

Мәтіннен қандай қорытынды жасауға болады?

Дәйексөз және қорытынды ой

Әңгімеде әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалар өмірде қиындық көрмей, жақсы тұрмыс кешкені айтылады. Ал ақыл-өсиетке құлақ аспайтын адамның ісі алға баспай, бір орнында қалып қояды.

Ата сөзі, әке сөзі, ұстаздың тәлімі, үлкендердің ақылы мен халық даналығы — бәрі де адамды адастырмайтын шамшырақ. Ақылды тыңдай білген адамның танымы толығады, ал тыңдайтын бала — ақылды бала атанады.

Халық даналығы

«Ата-анаңның ақылы — сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы — сарқылмайтын көлмен тең».

Түйіндеме: «Даналық сөздер сандығы»

Мұғалім «Даналық сөздер сандығын» ашып, топтарға берілген ақыл-кеңестерді оқытып, тақтаға ілдіреді.

Ай тобы

  • Адамдарға ізет білдіріңдер.
  • Түсінбегеніңді сұрап алыңдар.

Күн тобы

  • Айтылған сөзге мән беріңдер.
  • Әңгімені мұқият тыңдаңдар.

Жұлдыз тобы

  • Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер.
  • Сөйлеп тұрған адамға зейін қойыңдар.

Сергіту сәті: «Қалай ақылды болуға болады?»

Әр топ сұраққа қызықты әрі әзіл аралас жауаптар дайындайды (еркін ойлау мен тілдік белсенділікті арттыру үшін).

  • Сәбізді көп жеу керек.
  • Күніне 16 сағат оқу керек (тіпті мектепке бармай-ақ қоюға болады).
  • Ақылды адамдармен көп сөйлесіп, олармен пікірталасқа түсу керек.
  • Тірі данышпанды тауып алып, бәрін сұрау керек.
  • Ұйықтар алдында айнаға қарап: «Мен ақылдымын!» — деп қайталау керек.
  • Әдемі жерде өмір сүру керек.
  • Дәрумендерді көп қабылдау керек.
  • «Ақылды» деген сөзге анықтама беріп, оны түсіндіру керек.
  • Алманы көп жеу керек.

Жағдаяттарды талдау

Оқушылар слайдтағы суреттер бойынша жағдаяттарды талдап, «Суреттегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?» деген тапсырманы орындайды.

Ай тобы

1-сурет бойынша талдау.

Күн тобы

2-сурет бойынша талдау.

Жұлдыз тобы

3-сурет бойынша талдау.

Топтық тапсырмалар

Ай тобы

Үлкендердің өздеріңе айтқан ақыл-кеңестерін еске түсіріп, айтып беріңдер. (Плакатқа ай бейнесін жасап толтыру.)

Күн тобы

Даналардың қандай өсиет сөздері мен тәлім сөздерін білесіңдер? (Плакатқа күн бейнесін жасап толтыру.)

Жұлдыз тобы

Нақыл сөздер, тыйым сөздер және қағидалар туралы не білесіңдер? (Плакатқа жұлдыз бейнесін жасап толтыру.)

Дәптермен жұмыс

Бұлбұл

Күйші

Ата

Жүректен жүрекке: «Ізеттілік әліппесі»

Атам менің әрдайым:

«Әдепті жан бол», — деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп, қол берем.