Шыққан сөзге сөйлем құрастыру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ана — ардақты есім» тақырыбында эссе оқу және талқылау.
Қосымша: «Анашым» клипін тыңдау.
III. Жаңа сабақ
«Дүниеде Ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.»
Бүгінгі сабағымызды Аналар мерекесімен байланыстыра отырып, «Аналар әлеміне саяхат» түрінде өткіземіз. Түсіндіру әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгереміз.
Буын дегеніміз не?
Фонетика саласының маңызды ұғымдарының бірі — буын. Сөз естілуі жағынан бірнеше шағын дыбыс тобына бөлінеді. Әрбір дыбыс тобы буын деп аталады.
Буын — сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстан тұратын фонетикалық бөлшек.
Мысал
«А-на — ең ә-де-мі ә-уез-ді сөз» сөйлемінде 6 сөз бар; әр сөз бірнеше буынға бөлінеді.
Буынға тән белгілер
- 1 Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
- 2 Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады; дауыссыз дыбыстар жеке буын құрай алмайды.
- 3 Сөз құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
- 4 Буынның өзінде мағына болмайды.
- 5 Қазақ тіліндегі байырғы сөздер мен буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды (мысалы: Сқақ → Ысқақ, Сланов → Сыланов).
Буынның түрлері
Ашық буын
Дауыстыға аяқталатын буын: жалғыз дауыстыдан тұруы мүмкін немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді.
Мысалдар
А-та, и-не, а-ға, е-ре, о-ра, а-па; ке-ме, да-на, ба-ға, же-бе, са-ры, кө-ше-де, ме-ре-ке
Тұйық буын
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын.
Мысалдар
ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш
Бітеу буын
Дауыссыздан басталып, дауыссызға бітетін буын.
Мысалдар
серт, тон, мек-теп, төрт, сый-лық, нау-рыз, бай-лық, Бек-сұл-тан, Сұл-тан-мах-мұт
Тақырыптық байланыс: «Ана» ұғымы
Ана — дүниедегі ең ұлы құдірет. Әдемі сөздердің көпшілігі аналарға арналады. Осыған байланысты ана туралы қанатты сөздер мен жыр шумақтарын еске түсіріп, сабақ мазмұнымен ұштастырамыз.
Фонетикалық талдау: «Анамыз» (математикалық тәсіл)
Сөз
А-на-мыз
3 буынды сөз
Дыбыс саны
6 дыбыс
3 дауысты, 3 дауыссыз
Ереже
Дауысты саны — буын саны.
«Анамыз» сөзінде үш дауысты бар: а, а, ы. Дауысты дыбыстар айтылғанда ауа ауыз қуысынан кедергісіз, еркін шығады.
Үш дауыссыз бар: н, м, з. Дауыссыз дыбыстар айтылғанда ауа түрлі кедергілерге ұшырап, қысылып шығады.
Бір дыбысқа мінездеме (мысал: «А»)
- 1) «А» — дауысты дыбыс (ауа еркін шығады).
- 2) Тілдің қатысына қарай — тіл арты (жуан) дауысты.
- 3) Жақтың ашылуына қарай — ашық дауысты.
- 4) Еріннің қатысына қарай — езулік дауысты.
Оқулықпен жұмыс
- Жаттығу жұмыстарын орындау.
- Шыққан сөздермен сөйлем құрастыру.
- Бір дауысты және бір дауыссыз дыбысқа мінездеме беру.
Ойын: «Жұлдызды сәт алаңы»
Адасқан әріптерді дұрыс орналастырып, шыққан қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру.
1) Бала — ата-ананың алтын бағанасы.
Мағынасы: бала — отбасының тірегі, ұрпақ жалғастығы.
2) Анамның тілі — аяулы үні.
Мағынасы: ананың сөзі мен үні — мейірім мен жылылықтың белгісі.
«Асыл сөз маржандары»: тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
| Тіркес | Мағынасы |
|---|---|
| Ат ізін салмау | Хабарласпау, келмеу |
| Бармағын тістеді | Өкінді |
| Жұлдызы оңынан туды | Жолы болды |
| Жігері құм болды | Шаршады, жасып қалды |
| Сөзі мірдің оғындай | Өткір сөз |
| Өрісі кең | Білімді, танымы кең |
| Сіркесі су көтермейді | Ештеңені көңілі жақтырмайды |
| Үріп ауызға салғандай | Сүп-сүйкімді |
| Шырағы сөнді | Үміті үзілді |
| Тонның ішкі бауындай | Өте жақын, өз адамындай |
Бекіту: буын түрлерін ажырату
Төмендегі сөздерден ашық, тұйық, бітеу буындарды табу және ажырату:
Рефлексия
«Бүгінгі сапардан түйгенім…» — қысқаша қорытынды пікір жазу немесе айту.
Сабақты қорытындылау
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар,
Жүзе алмайды, өтінде қайықсыздар.
Маздататын жүректе от лаулатып,
Әр үйдің күні десе, лайықсыздар.
Үй тапсырмасы
- 1 Ережені жаттау.
- 2 Аналарға тілек арнау; мәтіннен ашық, тұйық, бітеу буынды сөздерді тауып, талдау.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, тапсырма орындауы және белсенділігі бойынша бағалау.
Автор туралы мәлімет
Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі: Салихова Айымгүл Мәдиқызы.