Үлкен ыдысқа бәрін араластыру көкөністерді түгел салу

Қиярдан әзірленген ащы салат: қыс мезгіліне дайындық

Қатты пісіп кеткен қиярды тастамай-ақ, қысқа сақтауға арналған ащы салат дайындауға болады. Ол үшін қиярдың жұмсарған бөлігін, яғни ортасындағы дәні көп өзегін ойып алып тастаңыз. Сонда салаттың құрылымы әдемі болып, ұзақ сақтауға да қолайлы болады.

Дайындауға қажет өнімдер

  • Қияр (жуылып, тазаланып, өзегінен ажыратылған) 3 кг
  • Болгар бұрышы 1 кг
  • Пияз 0,5 кг
  • Сәбіз 1 кг
  • Сарымсақ 3 бас
  • Ащы дәмдеуіш (аджика) 250 г
  • Тұз 2 ас қасық
  • Қант 7–9 ас қасық
  • Сұйық май 100 г
  • Сірке қышқылы (уксус) 9% 120 г
  • Қайнаған су 200 мл

Дайындау жолы

  1. 1

    Барлық көкөністі жақсылап жуып, тазалаңыз. Қиярдың өзегін (жұмсақ бөлігін) алып тастаңыз.

    Қияр, болгар бұрышы, пияз және сәбізді ұзынша етіп тураңыз.

  2. 2

    Сарымсақты майдалап тураңыз немесе езіңіз.

    Үлкен ыдысқа барлық көкөністі салып, жақсылап араластырыңыз.

  3. 3

    Дәмдеуіштерді қосыңыз: тұз, қант, сұйық май, аджика, 9% сірке қышқылы және 1 стақан (200 мл) қайнаған су.

    Барлығын мұқият араластырып, көкөністер сөлін шығару үшін 30 минутқа қалдырыңыз.

  4. 4

    Дайын қоспаны стерилденген банкаларға тығыздап салып, қақпағын жабыңыз.

    Кастрөлдің түбіне қалыңдау мата төсеп, банкаларды орналастырыңыз. Су құйып, банкаларды сыртынан 20 минут қайнатыңыз.

  5. 5

    Банка қақпақтарын кілтпен мықтап бұрап жабыңыз. Банкаларды төңкеріп қойып, жылы орамалмен жауып, толық суығанша қалдырыңыз.

Дайындаған: Жайна