Ерланды қорғауға дайындал

Петропавл қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі: Кокушева Сауле Аскаровна

Сабақтың тақырыбы

Нұрғали Ораз — «Қулық»

Жалпы мақсаты

Оқушыларға жағымсыз қылықтардан арылудың маңызын ұғындыру және өз мінез-құлқын бағамдауға бағыттау.

Оқу нәтижелері

  • Топта өзара әрекеттесуді үйренеді.
  • Сынып алдында ойын еркін әрі дәл жеткізуге дағдыланады.

Сабақ құрылымы

Сабақ сергіту сәтінен басталып, топқа бөліну, «миға шабуыл», диалогтік оқыту және сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы мәтінді талдауға ұласады.

Сергіту сәті

Ойын: «Күннің көзі күлімдейді…»

Ортаға бір оқушы шығып, «Күннің көзі күлімдейді…» деп бастап, бір белгі айтады (мысалы, «қысқа шашты оқушылар»). Сол белгіге сай оқушылар орындарын ауыстырады. Ортадағы оқушы олардың орнына отыруға тырысады. Орынсыз қалған оқушы келесі жүргізуші болады.

Топқа бөлу

Смайликтер арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» бөлімі

Диалогтік оқыту және сын тұрғысынан ойлау модульдері негізінде биопоэма әдісі қолданылады: оқушылар «Екілік» бейнесінің екіжақты табиғатын анықтап, пікірлерін айтады, мұғалім жауаптарды плакатқа түсіреді.

Биопоэма: «Екілік»

Аты
Екілік
Сипаты
Нашар, ұят
Қорқатыны
Бестік, төрттік
Болашақтан күтетіні / аңдитыны
Нашар оқушы, жалқау бала
Мекенжайы
Күнделік, дәптерлер, сынып журналы
Тегі
Ұйқы мен жалқаулықтан пайда болған

Мағынаны тану

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы оқушылар тақырыппен және автормен танысады. «Мені жалғастыр…» стратегиясы бойынша мәтін бөліктерге бөлініп, әр топқа үлестіріледі.

1-топ

«Бүгін Ерлан бақылау жұмысынан…» деп басталатын сөйлемге дейін оқып, мазмұнын түсініп талдау.

2-топ

  • Ерлан неліктен есеп шығара алмайды?
  • Өзіңнің тәжірибеңде осындай мәселе болды ма? Салыстыр.
  • Ерланды қорғауға дайындал.

3-топ

Ағасы оған не айтады? Оның сөзінен қандай ой түюге болады? Байқағаныңды дәлелде.

4-топ

Мәтіннің осы бөліміне атау қой. Әр бөлікке лайықты тақырып ойлап тап.