Жапырақтың өсімдік пен адам өміріндегі рөлі туралы білімдерін кеңейту

Тақырыптар

Дүниетану

Жапырақ

Әдебиеттік оқу

Қазақстан

Дереккөз және сабақ тақырыбы

Сабақ тақырыбы: Жапырақ

Сілтеме: «Дүниетану», 2-сынып. «Атамұра» баспасы, 2013. К. Жүнісқызы, Н. Жапанбаева.

Жалпы мақсат

Жапырақтың өсімдік пен адам өміріндегі рөлі туралы білімді кеңейту.

Оқыту нәтижесі

  • Оқушыларды өсімдіктердің топтарымен, түрлерімен, мүшелерімен және олардың ерекшеліктерімен таныстырып, білімдерін кеңейтуге қолайлы орта қалыптастыру.

Негізгі идея

Мәтінмен жұмыс барысында саралау, сипаттау, зерттеу және салыстыру дағдыларын дамыту.

Тапсырмалар мен әдістер

Топтастыру әдісі

Тақырыпты жүйелеу және ұғымдарды байланыстыру.

Сұрақтар шеңбері

Қайталау, нақтылау және пікір алмасу.

Постер қорғау

Топтық жұмыс нәтижесін дәлелдеп ұсыну.

Шығармашылық жұмыс

Ойды еркін жеткізу және қиялды дамыту.

«Қара – жап – айт – жаз – тексер»

Қабылдау, айту, жазу және өзін-өзі тексеру дағдысы.

Тест сұрақтары

Білімді бекіту және нәтижені анықтау.

Бағалау критерийлері

Баға Сипаттама
5 Қатесі жоқ жұмыс.
4 1–2 қате жіберілген жұмыс.
3 3–5 қате жіберілген жұмыс.

Мұғалімнің іс-әрекеті

I. Психологиялық дайындық

  • «Күн шуағы» тренингі.
  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • Топ ережесін еске түсіру.

II. Үй тапсырмасы: «Сұрақтар шеңбері»

Сабақ тақырыбы бойынша топтарға сұрақтар қою арқылы өткен материалды қайталау.

1-топ

Тамыр

2-топ

Сабақ

3-топ

Жапырақ

III. Мағынаны тану: «Ой қозғау»

Өлең жолдары арқылы тақырыпты ашып, негізгі ойды анықтау.

Өлең арқылы ой қозғау

Жайқалтса жасыл желек жапырағын,

Ажарланып кетеді-ау аймағым.

Табиғаттың осындай сұлулығын

Сақтауға барша жанды шақырамын.

Жапырақ — таза ауаның қоймасы,

Таза ауа — жанға дауа қазынасы.

Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,

Алармыз бір Алланың мың сауабын!

Жапыраққа зор мән беріп қарайық,

Жапырақ тұр Күн нұрымен нәр алып.

Жапырақтан бөлінетін оттегі

Тазартады ауамызға таралып.

Оқушыларға арналған жетекші сұрақ: «Өлеңде не туралы айтылған?»

Назар аударатын негізгі ұғымдар

  • Жапырақ — өсімдіктің маңызды мүшесі.
  • Жапырақ оттегі бөліп, ауаның тазаруына ықпал етеді.
  • Табиғатты қорғау — әр адамның ортақ жауапкершілігі.