Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор: WordPad-та жұмыс жасау
Бұл сабақта оқушылар WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерімен танысып, мәтін енгізу, өңдеу, пішімдеу, құжатты сақтау, ашу және баспаға шығару әрекеттерін тәжірибеде орындайды.
Білімділік
Құжат құрылымы және WordPad терезесі туралы түсінік беру; мәтінмен жұмыс істеуді үйрету; құжаттарды құру, ашу, сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, логиканы және ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке және өз жұмысын жүйелі орындауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.
2) Жаңа сабаққа дайындық
- Тақырыпты дәптерге жаздыру.
- Сабақ мақсатын хабарлау.
- Өткен материал бойынша сұрақтар қойып, қайталау.
3) Жаңа сабақ
WordPad мүмкіндіктері, құжат құру сатылары және негізгі командалармен танысу.
WordPad: негізгі түсініктер мен әрекеттер
A) WordPad мәтіндік редакторы
WordPad — қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға арналған редактор.
Іске қосу жолы
Іске қосу → Программалар → Стандартты → WordPad
B) WordPad-та құжат құру сатылары
- Қаріп пен оның өлшемін таңдау.
- Мәтінді енгізу және редакциялау.
- Мәтінді пішімдеу.
- Құжатты сақтау және ашу.
- Құжатты баспаға шығару.
Мәтінді енгізу және редакциялау
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады. Теру кезінде жиі қолданылатын пернелер:
Enter
Жаңа жолға көшу.
Shift
Бас әріптерді теру (уақытша).
Caps Lock
Бас әріптер режиміне ауысу.
Backspace
Меңзердің сол жағындағы таңбаларды өшіру.
Delete
Меңзердің оң жағындағы таңбаларды өшіру.
Мәтінді пішімдеу
Мәтіннің сыртқы көрінісін өзгерту және оны бет шеттері бойынша тегістеу әрекеттері пішімдеу деп аталады.
Мәтін әлпеті
- Ж — жартылай қалың
- К — курсив
- Ч — асты сызылған
- Кәдімгі — стандартты мәтін
Тегістеу
Пішімдеу құралдар тақтасындағы сол жақ, оң жақ және орта бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Сонымен қатар, бұл әрекетті Формат → Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Құжатты сақтау және ашу
Сақтау
Құжатты сақтау үшін: Файл → Сохранить как. WordPad-та файл кеңейтімі әдетте *.doc болып беріледі.
Ашу
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл → Открыть.
Жаңа құжат
Жаңа құжат құру үшін: Файл → Создать.
Баспаға шығару
Құжат құрудың соңғы сатысы — оны баспаға беру.
- Файл → Предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)
- Файл → Печать
Жаңа сабақты бекіту
Бақылау сұрақтарына жауап беріп, негізгі ұғымдарды қайталаңыз.
- Мәтіндік редактор дегеніміз не?
- WordPad бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- WordPad терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.
- WordPad-та құжат құрудың негізгі сатылары қандай?
- Құжатты алғаш рет сақтау үшін қандай командалар орындалады?
- Бас әріп теру үшін қай пернені (пернелерді) қолданамыз?
Практикалық жұмыс
Барлық тапсырмаларда: Times New Roman қарпі, 14 өлшемі қолданылады.
№1 тапсырма
- WordPad редакторын іске қосыңыз.
- Өзіңіз туралы қысқаша мәтін жазыңыз.
№2 тапсырма
- WordPad редакторын іске қосыңыз.
- М. Мақатаевтан өзіңіз білетін өлең жолдарын жазыңыз.
№3 тапсырма
- WordPad редакторын іске қосыңыз.
- Абай Құнанбаевтың өлеңінен бір шумақ жазыңыз.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
«Өзіңді тексер!» тесті бойынша жауаптарды талқылап, нәтижесіне қарай бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
WordPad-та құжат құру сатыларын қайталау және негізгі командаларды (құру, ашу, сақтау, баспаға шығару) жаттау.