Өлеңді талда
Тақырып
Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы (слайд материалдарымен).
Мақсат
1) Танымдық мақсат
Ы. Алтынсариннің ағартушы-педагог әрі қоғам қайраткері ретіндегі рөлін көрсету; «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының маңызын ашу және оқулыққа енген шығармалардың мәнін меңгерту.
2) Дамытушылық мақсат
Теориялық білімді тереңдету арқылы шығармашылық ізденіске баулу; эстетикалық, экологиялық және адамгершілік тәрбие беру.
3) Коммуникативтік мақсат
Оқушылар өз ойын еркін жеткізе алатын қолайлы орта қалыптастыру; шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету; ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі
Ізденіс–талдау сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Күтілетін нәтиже
- Ыбырай шығармашылығы және «Қазақ хрестоматиясы» туралы білімін кеңейтеді, жаңа мәліметтер алады.
- Өлеңдері мен әңгімелеріне талдау жасайды.
- Өзіндік ойын ашық әрі анық жеткізе алады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
- Топ басшысын сайлау.
- Бағалау парақтарын тарату.
- Бір-біріне тілектер айту.
II. Үй жұмысын тексеру
Ы. Алтынсариннің «Атымтай жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері бойынша жұмыс.
Тапсырма
Семантикалық картамен жұмыс.
III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың мақсаты
«Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдер, әңгімелер және аудармаларға талдау жасау.
Қызығушылықты ояту (ой қозғау)
«Қазақ хрестоматиясы» оқулығы туралы не білесіздер?
I топ: Ақын өлеңдері
«Өнер-білім бар жұрттар»
- Өлеңді жатқа айту.
«Өзен»
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлеңге талдау жасау.
II топ: Жазушы әңгімелері
«Таза бұлақ»
- Әңгімені қысқаша мазмұндау.
- Үш жолаушының пікіріне және тастың су ағар жеріне жазылған сөзге қатысты өз көзқарасыңды айту.
«Әке мен бала»
- Әңгімені қысқаша мазмұндау.
- Әңгімені талдау.
III топ: Аудармалар
«Жаман жолдас» (аударма)
- Қысқаша мазмұндау.
- Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелдер келтіру.
«Бір уыс мақта» (аударма)
- Қысқаша мазмұндау.
- Әңгімені талдау.
Бейнеақпарат
Тақырыпқа қатысты бейнематериал көрсету.
Қорытынды
Шығармашылық жұмыс
Бес жолдық өлең құрастыру.
Рефлексия
Арнау хат жазу.
Бағалау
Бағалау парақтары бойынша оқушылардың топтық және жеке жұмыстары қорытындыланады.
Үй тапсырмасы
- 1 Ғ. Қайырбековтің «Дала қоңырауы» дастанын оқу.
- 2 «Даланың дауылпаз қоңырауы» тақырыбында шығарма жазу.