Төрт түлікті атайықшы

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
«Төрт түліктің кеңесі»
Пән
Әдебиеттік оқу (2-сынып)
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топпен жұмыс
Көрнекіліктер
Төрт түлік суреттері, слайд, топтастыру, мақал-мәтелдер
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, музыка

Сабақтың мақсаты

  • Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу арқылы төрт түлік туралы білімді жетілдіру.
  • Тапсырмаларды орындауда өз пікірін еркін жеткізуге және шығармашылық ізденісті арттыруға дағдыландыру.
  • Төрт түлікті қадірлеуге, адамгершілік қасиетті жоғары ұстауға тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Оқушылар кез келген санды таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Әр топтан көшбасшы тағайындалады.

  • 1-топ: Ботақандар
  • 2-топ: Қошақандар
  • 3-топ: Құлыншақтар
  • 4-топ: Бұзауқандар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады: оқушылармен амандасып, шеңбер құрып, психологиялық дайындық жасалады. Топқа бөліну қадағаланады, әр топтан көшбасшы тағайындалады.

Сабақ мақсатына кіріспе

Төрт түлік туралы толық мағлұмат алып, білімді пысықтау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Түйе туралы жырды мәнерлеп оқу.
  • 5-тапсырма: түйенің пайдасын сызба түрінде дайындап келу.

III. Өткен сабақты пысықтау

Тақтаға 1-ден 9-ға дейінгі сандар ілінеді. Әр санның артында өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар жауап берген соң, жасырын сөз ашылады: «Төрт түлік».

  1. 1. Ертегі түрлерін ата.
  2. 2. Өзі ширақ, өзі қу, жүрген жері айқай-шу. Ол не?
  3. 3. «Жері отты» сөзінің мағынасы қандай?
  4. 4. «Қасқыр мен түлкі» ертегісі қай түрге жатады?
  5. 5. «Аңқау арыстан» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
  6. 6. Күзгі даланың түсі қандай?
  7. 7. «Достым, сөз тасып сыбырласудың қажеті жоқ еді. Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді», — деген ақыл сөз қай ертегіден алынған?
  8. 8. Түйенің төлін қалай атайды?
  9. 9. Роман деген не?

Төрт түлікті атау

Төрт түлік мал дене бітіміне қарай ірі қара және ұсақ мал болып бөлінеді. Сиыр, жылқы, түйе — ірі қараға, ал қой мен ешкі — ұсақ малға жатады.

Малдың пайдасы

Қазақ халқы ертеден мал шаруашылығымен айналысқан. Малдың пайдасы мол: еті — ас, сүті — сусын, қымыз бен шұбат — тағам әрі шипа.

IV. Қызығушылықты ояту: жұмбақтар

1) Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.

Жауабы: Түйе

2) Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

Жауабы: Қой

3) Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.

Жауабы: Жылқы

4) Шайнаңдаған сағыз, сүттің кені нағыз.

Жауабы: Сиыр

V. Оқулықпен жұмыс

  • Іштей оқу.
  • Тізбектеп оқу.
  • Рөлге бөліп оқу.
  • Әр топ өлең мазмұнын өз сөздерімен жеткізіп, сахналайды.

VI. Дәптермен жұмыс

3-тапсырма: берілген сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптерге жазу.

Сипаттама Тіркес
Тұрмыс жағдайы төмен Қоры үзілген қуға бітем
Еңбекқор адам Шаруа қуған басқа бітем
Батыл, өжет адам Найза ұстаған ерге бітем
Шаруасы жақсы, бай адам Ел ішіндегі зорға бітем

Сергіту сәті

«Қошақан» әнін айтып отырып, әуеніне сай қимыл-қозғалыс жасау.

VII. Суретпен жұмыс

Өлең мазмұнына сүйене отырып, әр түліктің қандай жерді, қандай адамды қалайтынын анықтау.

  • 1-сурет

    Қой

  • 2-сурет

    Сиыр

  • 3-сурет

    Жылқы

  • 4-сурет

    Түйе

VIII. Топтық тапсырмалар

1-топ: Сиырдың пайдасы (ассоциация)

Сиыр — ірі қара, аша тұяқты, момақан. Еті — тағам, сүті — сусын. Айран, қатық сияқты сүт тағамдары жасалады.

2-топ: Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

  1. 1. Құтты қонақ келсе, егіз табады.
  2. 2. Қойдың сүті қорғасын, ұрған оңбасын.
  3. 3. Ер қанаты —
  4. 4. Түйе атасы — нар, ағаш атасы —
  5. 5. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның —

3-топ: Малдың дыбыстауы

  • Қой, ешкі — маңырайды.
  • Сиыр — мөңірейді.
  • Жылқы — кісінейді.
  • Түйе — боздайды.

Жылдам жауап

Мұғалім қандай жануардың суретін көрсетсе, оқушылар сол жануардың қалай дыбыстайтынын айтады: сиыр — «мө-мө», қой — «мә-мә», түйе — «бө-бө», ешкі — «мәә-мәә».

Еркелету сөздері

Ата-анаң сендерді еркелеткенде қай түліктің төлімен байланыстырып айтады? Бірнеше мысал жазу: «құлыным», «ботам» және т.б.

4-топ: Құрастыру тапсырмасы

Бірнеше бөлікке бөлініп қиылған бұзау суретін құрастыру.

IX. Сабақты бекіту: төрт түліктің пірлері

Халық ұғымында әр малдың пірі (ие-қамқоршысы) бар деп айтылады. Төрт түліктің пірлері:

Жылқы

Қамбар ата

Түйе

Ойсылқара

Сиыр

Зеңгі баба

Қой

Шопан ата

Ешкі

Шекшек ата

X. Бағалау

  • Көшбасшылар бағалау парағы арқылы бағалайды.
  • Топтар бір-бірінің жұмысын өзара бағалайды.

XI. Қорытынды және рефлексия

Сабақта не білдік?

Оқушылардың жаңа ұғымдарды меңгеру деңгейін анықтау.

Не үйрендік?

Өлең мазмұнын түсіну және топтық жұмыс дағдыларын бекіту.

Нені үйренгім келеді?

Қызығушылық пен жеке мақсатты қалыптастыру.

Үй тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқып, төрт түлік туралы эссе жазу.

Автор туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Аягөз аудандық білім бөлімінің «№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі — Сахариева Куляш Оразбековна.