Құрманғазы мен жас гүлдің әңгімесін сахналау
Ана тілі • 3-сынып
Тақырып: Әбу Сәрсенбаев — «Халыққа жеткіз күйімді»
Сабақ жоспары күй өнері арқылы ұлттық мұраның мәнін ашуға, мәтіннің негізгі ойын анықтауға және оқушының тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Күй атасы» Құрманғазы туралы білімдерін ой қозғау арқылы белсендіру, жаңа мағлұматпен толықтыру; шығарманың мазмұнын түсінуге және негізгі ойды анықтауға жетелеу.
Дамытушылық
Жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорды, есте сақтау қабілетін және танымдық мүмкіндіктерді дамыту.
Тәрбиелік
Бабалар өмірінің кейінгі ұрпаққа өнеге екенін ұғындыру; өнерді құрметтеуге және ұлттық мұраны бағалауға тәрбиелеу.
Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу
Сынып төрт топқа бөлінеді: «Күй», «Халық», «Мұра», «Аманат». Топтық жұмыстың ережесі таныстырылып, сабақтың мақсаты хабарланады.
Тыңдалым
Құрманғазының «Адай» күйі тыңдалады.
Ой қозғау сұрақтары
- Күйден қандай әсер алдыңыздар?
- Күй дегеніміз не? Оны шығарушы және орындаушы туралы не білеміз?
- Қандай күйшілерді білесіздер?
Оқушылар өз білімдерін ой елегінен өткізіп, ББҮ кестесінің «Білемін» бөлігіне жазады.
Мағынаны тану
ББҮ: «Білгім келеді»
Оқушылар нені білгісі келетінін анықтап, ББҮ кестесінің «Білгім келеді» бөлігін толтырады.
Автор туралы
Әбу Сәрсенбаев туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Мәтінмен жұмыс
«Халыққа жеткіз күйімді» мәтіні таспадан тыңдалып, мағыналық бөліктерге бөлінеді:
- 1. Ашулы толқын
- 2. Күймен үндестік
- 3. Күйді жалғау
- 4. Аманат
Сөздік жұмысы
- Арындап
- Қатты екпінмен, қарқынды.
- Жас гүл, жас қызғалдақ
- Бұл мәтінде: жас қыз.
- Қаһары
- Ызасы, кегі.
- Мұра
- Күйлері, өнерден қалған асыл қазына.
Топтық жұмыс
I топ
Мәтіннің 1–2 абзацын оқып, тақырып қойып, мазмұндау.
II топ
Құрманғазы мен «жас гүлдің» әңгімесін сахналау.
III топ
Мәтіннің соңғы бөлігін «Күй — халық қазынасы» туралы мәліметпен толықтырып, ой бөлісу.
IV топ
«Ат тұяғын тай басар» тақырыбына ой қозғау.
Ой толғаныс
Оқушылар жинақтаған білімдерін ББҮ кестесінің «Үйрендім» бөлігіне толтырады.
Шығармашылық жұмыс
I топ
«Халық мұрасын қастерлейік» тақырыбына эссе жазу.
II топ
Мәтін мазмұнына сай сурет салу.
III топ
«Күй» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.
IV топ
«Ұйқасын тап»: өлеңнің ұйқасын тауып, ой қорыту.
Бағалау
Топтық жұмыс нәтижесі және жеке оқушының белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.
Үй жұмысы
- Мәтінді мазмұндау.
- Тақырыпқа қатысты жаңа мәліметтер жинау.