Жаңа сабақты жариялау
Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
ХХІ ғасыр — ақпараттық технологиялар ғасыры. Компьютер бүгінгі таңда адам өмірінің барлық саласына толық енді. Сондықтан оқушылардың негізгі міндеті — өмірге икемді, заман ағымына ілесе алатын азамат болып қалыптасу. Осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі — компьютер тілін меңгеру. Компьютерді білу — екінші сауаттылық.
Пән аралық байланыс
Орыс тілі, қазақ тілі.
Сабақтың мақсаты (білімділік)
- MS Word редакторында құжатты форматтау тақырыбын толық түсіндіру.
- Мәтін/үзінді бөліктерін ерекшелеу тәсілдерін үйрету.
- Символдарды форматтау, мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымал және басқа да негізгі пішімдеу әрекеттерін қолдану.
Дамытушылық мақсат
- Компьютерге қызығушылықты арттыру.
- Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділікті дамыту.
- Компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру және алған білімді қолдануға ықпал ету.
Тәрбиелік мақсат
- MS Word-та мәтінді сауатты теруге дағдыландыру.
- Жүйелілікке, еңбекқорлыққа, іскерлікке, ұқыптылыққа және жылдамдыққа тәрбиелеу.
Оқыту әдістері мен құралдары
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ–жауап
- Жұмбақ жасыру
- Түсіндіру
Оқыту құралдары
- Оқулық, дәптер
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Үлестірмелі қағаздар, плакаттар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгелдеу
- Тыныштандырып, назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
- 1Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- 2Терезе элементтерін атаңдар.
- 3Терезедегі екінші панель қалай аталады?
- 4Құжатты қалай сақтаймыз?
- 5Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
Қосымша: Тест тапсырмалары арқылы бекіту.
III. Жаңа сабақты түсіндіру: мәтінді пішімдеу
Мәтін теріліп, өңделіп болғаннан кейін пішімдеу (яғни рәсімдеуді өзгерту) жүргізіледі. Пішімдеу — мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша орындалатын әртүрлі әрекеттер жиынтығы. Пішімдеуді құжатты жасауға дейін де, жасағаннан кейін де орындауға болады.
Пішімдеу арқылы не істей аламыз?
- Әртүрлі қаріптерді қолдану
- Жұмыс өрісінің шекараларын (сол, оң, жоғары, төмен) белгілеу
- Мәтінді бетте туралау
- Жоларалық интервалды орнату және өзгерту
- Мәтінді бағандарға бөлу
- Жиектеудің әртүрлі типтерін қолдану
- Тізімдер, маркерлер және басқа элементтер
Қалай орындауға болады?
- Аспаптар панеліндегі батырмалар арқылы
- Мәзір командалары арқылы
- Пернелер комбинациялары арқылы
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінге де, оның бөліктеріне де қолдануға болады: символ, сөз, жол, абзац, бөлім, бет. Ол үшін пішімделетін бөлікті алдын ала белгілеу қажет.
Пішімдеу панеліндегі негізгі құралдар
Жылдам форматтау
Ең жылдам батырмалар
- Жартылай қалың (Bold)
- Курсив (Italic)
- Асты сызу (Underline)
Пернелер комбинациялары
- Ctrl + I
- Курсив
- Ctrl + U
- Асты сызу
- Ctrl + B
- Жартылай қалың
- Ctrl + E
- Ортасына туралау
- Ctrl + L
- Сол жақ шеті бойынша туралау
- Ctrl + R
- Оң жақ шеті бойынша туралау
- Ctrl + J
- Ені бойынша (екі жақ шетінен) туралау
Бірнеше баптауды қатар өзгерту үшін «Формат» мәзірінен «Шрифт» командасын таңдауға болады.
IV. Практикалық бөлім
Қауіпсіздік ережелері
Компьютерге отырмас бұрын электрондық есептеуіш машиналарымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін қысқаша қайталап, еске түсіреміз.
Тапсырма №1
ЕрекшелеуБерілген мәтінді теріңіз: 1-сөйлемнің 1-сөзін жартылай қалың етіңіз, 2-сөйлемнің 2-сөзін курсивастын сызыңыз.
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.
Тапсырма №2
ТуралауМәтінді теріп, оны көшіріп төрт рет жазыңыз. Әр нұсқасына әртүрлі туралау қолданыңыз: солға, оңға, ортасына, ені бойынша.
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.
Тапсырма №3
Жоларалық интервалМәтінді теріп, жоларалық интервалды 2.0 етіп орнатыңыз.
Алтын емле белбеу — алтынмен қапталған, әшекейленген белбеу.
Берен белбеу — қымбат металдан жасалған белбеу.
Гауһар мәрмәр — гауһармен сәнделген белбеу.
Зер белбеу — алтынмен әшекейленген белбеу.
Қамар белбеу — зерлі, әшекейлі белбеу.
Тапсырма №4
Қаріп және өлшемМәтінді теріп, қаріп атауын және өлшемін өзгертіп жазыңыз.
Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен.
Тапсырма №5
Файлды сақтауА. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін теріп, файлды «Абай» атауымен сақтаңыз.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Тапсырма №6
Анимация (Шрифт)Мәтіндегі «жаңылтпаш» сөздерін ерекшелеп, Формат → Шрифт → Анимация ішінен «Фейерверк» әсерін таңдаңыз.
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.
Тапсырма №7
ТүсМәтінді теріңіз. «Пішімдеу» сөзін түрлі түспен ерекшелеңіз, ал екінші сөйлемнің қаріп түсін қызыл етіп өзгертіңіз.
Пішімдеу — мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады.
Құжатқа пішімдеуді құжат құрылғанға дейін де, сондай-ақ құрылғаннан кейін де жүргізуге болады.
Тапсырма №8
Анимация (Шрифт)Мәтіндегі «жаңылтпаш» сөздерін ерекшелеп, Формат → Шрифт → Анимация ішінен «Мерцание» әсерін таңдаңыз.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Тапсырма №9
МаркерМәтінді маркер қойып теріңіз.
- Ғылым таппай мақтанба,
- Орын таппай баптанба.
- Құмарланып шаттанба,
- Ойнап босқа күлуге.
V. Бекіту және қорытынды
«Кім білгір?» ойыны арқылы бекіту
Өтілген тақырып бойынша жылдам сұрақтар қойылып, негізгі ұғымдар мен әрекеттер пысықталады.
СТО: «БҮҮ» стратегиясы
Не білемін
Не үйрендім
Не үйренгім келеді
Бағалау және үй тапсырмасы
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады.
Үйге тапсырма: мәтінді пішімдеу.