Тапқырлар Топтарға ортақ сұрақ

Қызықты математика: сыныптан тыс жұмыс

Бұл сыныптан тыс іс-шара математиканың жан-жақты әрі қызықты екенін көрсетуге арналған. Әртүрлі ойлау және ойын тәсілдерін қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығын ояту көзделеді.

Мақсаты

Математиканың жан-жақты екенін дәлелдеу, логикалық ойлауды дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.

Көрнекілігі

Тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.

Ұлағатты сөздер

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика»

М. В. Ломоносов

«Математика — ғылымдардың патшасы, ал арифметика — математика патшасы»

К. Гаусс

«Математиканың өз тілі бар — ол формула»

С. В. Ковалевская

«Ақынжанды болмасаңыз, математик те бола алмайсыз»

С. Ков.

Сайыстың өту форматы

Іс-шара студенттерге қызықты болуы үшін жарыс түрінде ұйымдастырылады. Қатысушылар екі топқа бөлініп, кезең-кезеңімен тапсырмалар орындайды.

Жоспар

  • Таныстыру
  • Иә немесе жоқ
  • Бәйге
  • Ширату
  • Дода
  • Тапқырлық
  • Жаңылмас — жеңімпаз

1-кезең: Таныстыру

Бағасы: 10 ұпай

«Алғырлар» тобының таныстыруы

Шақырып жарыстарды сан-салалы,

Алғырлар топ жарғалы зер салады!

Ту етіп достық пен татулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады!

Тапқырлар биіктерде қалықтасын!

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туың желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

«Тапқырлар» тобының таныстыруы

Осындай алғыр достар кез келгенде,

Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге — не?

Қарсылас болғанымен, құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!

Құрметпен алғырларда ой-сана мол,

Тапқырлар сәлем беріп ән салады.

Бүгінгі сайыстан достарына,

Қашанда тапқыр бол деп ән салады.

2-кезең: «Иә немесе жоқ»

Бұл кезең студенттердің ойлау жылдамдығын дамытуға бағытталған. Берілген тұжырымдарға тез әрі дұрыс түрде «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.

  1. 1) Ең алғаш әйел математик — С. Ковалевская. (Иә)
  2. 2) 4-ке қарама-қарсы сан — 4. (Жоқ)
  3. 3) Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш — үшбұрыш. (Жоқ)
  4. 4) Квадраттық функцияның графигі — парабола. (Иә)
  5. 5) Тікбұрышты үшбұрышта хорда болады. (Жоқ)
  6. 6) Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады. (Иә)
  7. 7) √144 = 12. (Иә)
  8. 8) Табиғи жарық көзі — тоқ. (Жоқ)
  9. 9) 0-ден кіші сандар — оң сандар. (Жоқ)
  10. 10) «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген ұғымды білдіреді. (Иә)
  11. 11) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем — аксиома. (Иә)
  12. 12) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 60°-қа тең. (Жоқ)
  13. 13) 1 барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (Иә)
  14. 14) 1 минутта 60 секунд бар. (Иә)
  15. 15) Қиылыспайтын түзулер — параллель. (Иә)
  16. 16) Төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең. (Жоқ)
  17. 17) √625 = 24. (Жоқ)
  18. 18) Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым — аксиома. (Жоқ)
  19. 19) Жасанды жарық көздері: от, сіріңке, шам, шырақ және т.б. (Иә)
  20. 20) Бұрышты өлшейтін құрал — градусник. (Жоқ)

3-кезең: Бәйге

Сұрақтар тест түрінде беріледі. Қатысушылар кестені тек дұрыс жауаптармен толтыруы керек.

4-кезең: Ширату (анаграмма)

Бұл бөлімде сайыскерлер анаграмма шешіп, берілген анықтамаларға сәйкес математикалық ұғымдарды табады.

Анаграмма жиынтығы A

д и а м е т р · п а й ы з · т е т р а э д р · ш е ң б е р · м е т р · х о р д а · т а б и ғ и · а к с и о м а · р а д и у с

  1. 1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.
  2. 2. Санның 100-ден 1 бөлігі.
  3. 3. Барлық қырлары тең үшбұрышты пирамида.
  4. 4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны.
  5. 5. Ұзындық өлшемі.
  6. 6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді.
  7. 7. 2-ге бөлінбейтін сандар.
  8. 8. Натурал санның мағынасы.
  9. 9. Дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым.
  10. 10. Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді.

Анаграмма жиынтығы B

ж а й · п а р а л л е л ь · п е р и м е т р · П и ф а г о р · д и а м е т р · п е р п е н д и к у л я р · т а қ · ш и р е к · к е с і н д і · ж а з ы ң қ ы

  1. 1. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар.
  2. 2. Қиылыспайтын түзу.
  3. 3. Төртбұрыш қабырғаларының ұзындықтары қосындысы.
  4. 4. Ғұлама ғалым.
  5. 5. Ең үлкен хорда.
  6. 6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.
  7. 7. 2-ге бөлінбейтін сан.
  8. 8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.
  9. 9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
  10. 10. 180°-қа тең бұрыш.

5-кезең: Дода

Төрт тақырып бойынша 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Топ мүшелері кезек-кезек тақырып пен ұпайды таңдап, жауап береді.

6-кезең: Тапқырлық (ортақ сұрақтар)

Бұл кезеңде топтарға ортақ есептер беріледі. Қатысушылар қол көтеріп жауап береді.

1) Үйректер туралы есеп (жауабын көру)

Бір топ үйрек ұшып келеді: біреуі алдында, екеуі артында; бірі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің артында. Үшеуі тізбектесіп қатар ұшқан. Қанша үйрек келеді? Жауабы: 3.

2) Жануарларды сана (жауабын көру)

Бір-бірімен жарысқа төрт аю, бір арыстан, екі қой мен бір түлкі шықты. Бәрі нешеу? Жауабы: 8.

3) Мал санын тап (жауабын көру)

Түйе, бота маң басқан, төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, қос лақты қос ешкі. Төрт қозылы екі қой — бәрін бірге санап қой. Жауабы: 15.

4) Картоп қаптары (жауабын көру)

Екі қапта 100 кг картоп бар. Бір қапта екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Әр қапта неше кг картоп бар? Жауабы: 48 кг және 52 кг.

5) Әже мен немере (жауабын көру)

Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеде? Немересі нешеде? Жауабы: немересі 5 жаста, әжесі 60 жаста.

6) Данияр ойлаған сан (жауабын көру)

Данияр бір сан ойлады. Егер ол санды 30 есе көбейтсе, 2700 шығады. Ол қандай сан ойлады? Жауабы: 90.

7-кезең: «Жаңылмас — жеңімпаз»

Топтар 15-ке дейін санауы керек. Санау ережесі: қазақша және орысша кезектесіп айтылады (мысалы: бір, два, үш, четыре...).

Қорытынды

Көпкезеңді формат студенттердің жылдам ойлауын, логикасын, топпен жұмыс істеуін және математикалық тілін дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы — математикаға қызығушылықты арттырып, білімді ойын арқылы бекітеді.