Оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау

Қостанай облысы • Амангелді ауданы

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі • Химия–биология пәні мұғалімі: Абдикова Камшат Шөптібайқызы

Сабақтың тақырыбы

Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі. Фотосинтез

Биология • 9-сынып

Сабақтың жалпы мақсаты

  • Тірі ағзалардың зат алмасу типтерін нақты түсіндіру және қорытынды тұжырым жасай білуге үйрету.
  • Зат алмасудың тірі ағзалар топтарын заттар мен энергия ағымы арқылы өзара байланыстыратынын түсіндіру.
  • Фотосинтездің фазалары мен нәтижелері туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділік

Тірі жүйедегі зат және энергия алмасу типтері, метаболизм, фотосинтез, фотосинтез сатылары мен факторлары туралы білім беру.

Дамытушылық

Дүниетанымды кеңейтіп, оқу материалын толық меңгеру қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Қоршаған орта заңдылықтарын түсінуге, экологияны сақтауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу және сыныптың дайындығын тексеру.
  • Психологиялық тренинг: «Танысу» жаттығуы, назарды сабаққа шоғырландыру.
  • Әр топтан топ жетекшісін сайлау.
  • Карточкалар арқылы 3 топқа бөліну.
  • Топ атауын таңдау және топтық жұмыс ережесін құрастыру; пікірлерді тыңдау.
  • Бағалау парағымен жұмыс тәртібін түсіндіру.

Жаңа сабақ жоспары

1) Зат және энергия алмасу типтері

Тірі жүйелердегі ағым мен байланыс

2) Метаболизм

Алмасудың жалпы ұғымы

3) Фотосинтез

Энергияның түрленуі

4) Фотосинтез сатылары

Фазалар және нәтижелер

5) Фотосинтез факторлары

Жарық, CO₂, температура және т.б.

6) Хемосинтез

Химиялық энергия арқылы синтез

7) Фотосинтез бен тыныс алудың өзара байланысы

Зат пен энергия айналымындағы рөлі

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау — білімді бекітудің маңызды арнасы. Үй тапсырмасын тексеру келесі бөлімдер арқылы жүргізіледі:

  • өздік жұмыс
  • «Шежіре» ұғымына анықтама
  • семантикалық карта
  • сәйкестік тест

Еске түсіру: жасуша құрылысы

Жасушаның жалпы құрылысы: жасуша мембранасы (қабықша), цитоплазма және ядро. Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалар прокариоттар және эукариоттар болып екі топқа бөлінеді.

III. Жаңа сабақты игеру

«Бәрін білгім келеді» кезеңі

Оқушылардың қызығушылығын оятып, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттайтын бөлімдер:

  1. 1Жаңа тақырыпқа байланысты бұрынғы білімді еске түсіру (1 ұпай).
  2. 2Фотосинтез үдерісімен танысу.
  3. 3«Ұғыну және мағынаны тану» ақпараттық бөлімі: мұғалімнің түсіндірмесі.
  4. 4Жаңа тақырыпқа жалпы сипаттама (топтық жұмыс).

Негізгі ұғым: зат алмасу

Зат алмасу — тірі ағзаларға тән басты қасиет. Қоршаған ортамен зат алмасу барлық тірі ағзалар үшін негізгі үдерістердің бірі болып табылады.

Энергетикалық алмасу

Энергетикалық алмасу — жасушадағы органикалық қосылыстардың тотығып ыдырауы нәтижесінде энергия бөлінетін үдеріс.

Фотосинтез

Фотосинтез — жарық энергиясының химиялық байланыстар энергиясына айналу үдерісі.

«Ұғыну және мағынаны тану» ақпараттық бөлімі

Бұл кезеңде мұғалім жаңа ұғымдарды жүйелеп, фотосинтездің маңызын, сатыларын және оған әсер ететін факторларды түсіндіреді. Оқушылар негізгі терминдермен жұмыс жасап, дәлелді жауап беруге дағдыланады.