Велосипедшінің жүрген жылдамдығын табыңдар
Сабақтың мақсаты
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Ұжымшылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын және қажетті оқу құралдарын тексеру. Боялған асықтар арқылы топтарға бөлу.
2) Үй жұмысын сұрау
Топ басынан оқушылар шығып, үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар
- Қозғалыстың түрлерін атаңдар. (Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс; анықтамаларын айту.)
- Қозғалысты қалай түсінесіңдер? (Денелердің орын ауыстыруы.)
- Қандай қозғалыстарды мысалға келтіруге болады? (Техникалық, жел, жәндіктер, жануарлар, адамдар және т.б.)
- Жол қандай әріппен белгіленеді және оның өлшем бірлігі қандай?
- Уақыт қалай белгіленеді және оның өлшем бірлігі қандай?
Назар аударатын ой
Әртүрлі қозғалыстардың айырмашылығын сипаттау үшін жылдамдық деп аталатын физикалық шама енгізіледі. Жылдамдық немен өлшенеді? Негізгі бірлік: м/с.
3) Жаңа тақырып: жылдамдық және өлшем бірліктері
Негізгі формула
v = S / t
Осыдан: S = v · t, t = S / v.
Өлшем бірліктері
Жылдамдық әртүрлі бірліктермен өрнектелуі мүмкін: м/с, мм/с, км/сағ, м/мин, см/с.
Жылдамдықты бір ғана жүйеде жазу үшін Халықаралық бірліктер жүйесін (ХБЖ) қолданамыз. ХБЖ-дегі негізгі бірлік — м/с.
Сыныпқа сұрақ
м/с, мм/с, км/сағ, м/мин, см/с — қайсысын қандай жағдайда айналдырамыз?
4) Есептер шығару (оқулықпен жұмыс)
Оқулықтағы 5-жаттығу есептері орындалады.
5) Кластер құру
Негізгі байланыс: v = S / t
6) Жаңа сабақты бекіту
«Білім — теңіз: түбі де, шегі де жоқ». Оқушылар топ ішінде есептер шығарады.
1-топ
№1
108 км/сағ = … м/с
18 км/сағ = … м/с
№2
208 м/с жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағат ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
2-топ
№1
72 км/сағ = … м/с
54 км/сағ = … м/с
№2
Велосипедші 1800 с ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшінің жылдамдығын табыңдар.
3-топ
№1
36 км/сағ = … м/с
18 км/сағ = … м/с
№2
Машина 1500 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңдар.
7) Қорытындылау сұрақтары
- Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не?
- Жылдамдықтың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
- Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз?
- Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме?
- Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?
- Жылдамдық бағытын қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс деп алу келісілген?
8) Үй тапсырмасы
§19 оқу, «Өзін-өзі тексеру» сұрақтарына жауап беру.
9) Бағалау
Өзін-өзі бағалау: әр оқушы өзінің жаңа меңгерген біліміне баға береді.
Автор туралы
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Красноярка ауылы, №25 орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі — Харахаз Айнұр.