Бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы
Сабақтың тақырыбы
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі (қайталау).
Сабақтың мақсаттары
- Барлығы: «Менің отбасым» тақырыбы және Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімін меңгереді.
- Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
- Кейбірі: алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: «Балалар, бүгінгі сабағымызда бір ерекшелік бар. Ол қандай ерекшелік деп ойлайсыңдар?»
Оқушылар: «Бүгін қонақтар отыр».
Мұғалім: «Дұрыс айтасыңдар. Ендеше қонақтармен сәлемдесейік».
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз!
Бір, екі, үш —
Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш,
Тапсырмадан қашпаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Мұғалім: «Қандай сабақ бастаймыз?»
СА-УАТ А-ШУ!
Мұғалім: «Тамаша! Ендеше сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақ — қайталау сабағы».
1-тапсырма
Суреттер бойынша жабайы жануарлардың атауларын сәйкестендіріп жаз.
Сабақтың ортасы
Тақырыпты ашу
Мұғалім: «Ата, ана, әке, әже, бала — бұлардың бәрін бір сөзбен қалай айтамыз?»
Мұғалім: «Отбасы қайда тұрады?» — Оқушылар: «Үйде».
Мұғалім: «Біздің сынып та — бір отбасы. Сондықтан бәріміз бір отбасындай тату болып, бір-бірімізді сыйлап, сабаққа белсенді қатысайық».
2-тапсырма
Суретке қара. Қалдырылып кеткен әріпті қойып, сөзді оқы.
Қайталау: «Менің отбасым» тақырыбы және Ұ дыбысы мен әрпі.
Қосымша материал
Материалдарды жүктеу: «Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі (қайталау)».