Оқушылардың ерекше, құнды пікірлерін мадақтау
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия • «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі: Бакирбекова Гүлбану Абусыздыковна
Пәні: «Өзін-өзі тану» • 4-сынып • 45 минут
Сабақтың тақырыбы: Су – өмір көзі
Мақсаты
- Табиғаттағы судың күйлері мен пайдасы туралы білім қалыптастыру.
- Судың тіршілік көзі ретіндегі маңызын түсіндіру.
- Табиғаттағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысу дағдыларын дамыту.
Құндылықтар
Судың пайдасы мен маңызын түсіне отырып, қамқорлық жасау; ата-баба туған жеріне құрметті қалыптастыру; табиғатты қорғау.
Сабақ құрылымы
-
1) Ұйымдастыру
«Шаттық шеңбері»
-
2) Сабақ барысы
Тапсырмалар, талдау, қорытынды
-
3) Рефлексия
Ой бөлісу, бағалау
-
4) Үй тапсырмасы
Сабақ соңында беріледі
Блум таксономиясы бойынша сабақ кезеңдері
Оқушылардың түсінуі мен әрекетін біртіндеп тереңдетуге бағытталған кезеңдер және бағалау тәсілдері.
I. Білу
«Шаттық шеңбері» арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, ынтымақтастыққа баулу.
Түрткі тапсырмалар
- Оқушылар ойыншықты бір-біріне бере отырып, жақсы тілектер айтады.
- Қызыл, ақ, сары түсті ыдыстағы шырыннан дәм татып, түсі мен дәмі туралы пікір айтады.
- Шырын мен суды салыстырып, қорытынды шығарады.
Бағалау
Ерекше және құнды пікірлерді мадақтау.
II. Түсіну
Судың пайдасы мен маңызы туралы ақпаратты меңгерту, тақырыпты өздігінен анықтауға жетелеу.
Тақырыпты ашу
Жұмбақ арқылы тақырыпты табу және мақсат қою: «Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді»
Топтық жұмыс
Ыдыс түсіне сәйкес 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген бағыт бойынша постер дайындап, қорғайды.
- 1-топ: Су – тазалық көзі
- 2-топ: Су – денсаулық кепілі
- 3-топ: Су – табиғат көркі
Басқа топтар сұрақ қойып, толықтыру енгізеді.
Критерийлік бағалау (3 ұпайлық шкала)
- 3 ұпай: Судың қасиеті, пайдасы және күнделікті өмірдегі маңызы толық ашылды.
- 2 ұпай: Жартылай ашылды.
- 1 ұпай: Ашылмады.
III. Қолдану
Судың қасиеттерін мысалмен ашу: «Таза бұлақ» әңгімесін 3 топқа бөліп оқыту және талқылау.
Тапсырма
3 жолаушының пайымдауын адамның бойындағы жақсы қасиеттермен салыстыра отырып сипаттау. Постерге мына үлгімен ойларын жазады:
- «Судың тазалығы – адамның ... қасиеттеріне ұқсайды»
- «Су тынымсыз – адамның ... қасиеттеріне ұқсайды»
- «Су шөл қандырады – адамның ... қасиеттеріндей»
Бағалау
«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі: әр топ бір-бірінің ұнаған екі тұсын және бір ұсынысын жазады.
IV. Талдау
«Өзіммен-өзім» әдісі арқылы білімді тәжірибеде қолдану, ойды тереңдету.
Өткізу тәртібі
- Жайлы музыка қосылады. Оқушылар ыңғайланып отырады, көзін жұмуына болады.
- Мұғалім туған жер табиғатын елестетуге, экологиялық ахуалды жақсартудың нақты шараларын ойлауға бағыттайды.
- Оқушылар қайта сергек қалыпқа келіп, топ ішінде ұсыныс немесе шағын жобаларын жария етеді.
Критерийлік бағалау (3 ұпайлық шкала)
- 3 ұпай: Нақты ұсыныстар айтылды, іске асыруы жеңіл.
- 2 ұпай: Нақты ұсыныстар бар, бірақ іске асыруы қиын.
- 1 ұпай: Ұсыныс бар, бірақ іске асыру мүмкін емес.
V. Жинақтау
Алған білім мен тәжірибе негізінде ой қорыту, тұжырым жасау және ортақ шешімге келу.
Мультфильм және талқылау
Экран арқылы «Судың қасиеттері» мультфильмі көрсетіледі. Су тапшылығы және суға келтірілетін зиян туралы ой қозғалып, оқушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалады.
Шығармашылық қорытынды
Тамшы пішіндеріне «Егер мен су болсам, адамдардан не өтінер едім?» сұрағына жауап жазып, тамшылардан «көл» құрастырады.
Бағалау: топтар бір-бірін «бас бармақ» әдісімен бағалайды.
VI. Бағалау және қорытынды рефлексия
«Жүректен – жүрекке» әдісі арқылы бір-бірінің жақсы қасиеттерін байқап, жылы пікір білдіру.
Өткізу тәртібі
- 1 Әр оқушы ақ параққа өз алақанының суретін салып, бір жақсы қасиетін жазады. Жоғарғы жағына атын жазады.
- 2 Мұғалім бір рет шапалақтағанда, оқушылар қағаздарын бір-біріне береді де, көршісінің жақсы қасиетін жазады.
- 3 Үлгі: «Сенің кеңпейілділігің ұнайды, себебі ...»
- 4 Соңында әр оқушы қағазын естелікке алып қалады. Шеңберге тұрып, өзіне ұнаған бір қасиетті дауыстап оқиды.
- 5 Қорытынды: бүгінгі жақсы күн мен белсенді жұмыс үшін өздерін қолпаштап, шапалақтайды.