Сабақ мақсатын түсіндіру. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер (5-сынып)

Бұл сабақ жоспары оқушылардың мақал-мәтел туралы білімін тереңдетуге, олардың мағынасын дәл түсініп, орынды қолдана білуіне бағытталған. Сабақ барысында салыстыру, талдау, ой қорғау сияқты тәсілдер арқылы тілдік қор байытылып, сөйлеу мәдениеті жетілдіріледі.

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, іздендіру, ой қорғау, ассоциация, салыстыру, талдау

Сабақтың мақсаты

1) Білімді тереңдету

Мақал-мәтел туралы білім мен білікті тереңдету; салыстыру, ажырата білу дағдыларын дамыту; оқу және талдау машықтарын қалыптастыру; мағынасын түсінуге үйрету; мақал-мәтелдің тілдегі сөз көркі екенін ұғындыру.

2) Ойлау мен сөйлеуді дамыту

Логикалық ойлауды, ой дәлдігін дамыту; сөйлеу мәдениетін жетілдіру; түрлі амал-тәсілдер арқылы оқушыларды ізденіске баулу.

3) Тәрбиелік бағыт

Ана тілін ардақтауға, бағалай білуге; сөз қадірін терең түсінуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар және байланыс

Көрнекіліктер

  • Қазақтың мақал-мәтелдері
  • «7777 мақал-мәтел» кітаптары
  • Үлестірмелі кеспелер
  • Абайдың нақыл сөздері
  • Абай мен Б. Момышұлының суреттері

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану пәні

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сынып оқушыларымен амандасу
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

I топ

Алғырлар

II топ

Білгірлер

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: тұрақты тіркестер. 123-жаттығу.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Өтілген тақырып сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  • Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
  • Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа сабақты түсіндіру

Ой қозғау

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Талқылау сұрағы: «Берілген сөздер тобын қалай атаймыз?»

Оқушылар мақал мен мәтелдің мәнін еске түсіріп, тұрақты тіркестермен ұқсастығын анықтайды.

Мақал-мәтелдің тұрақты тіркеспен ортақ белгілері

  • Әбден қалыптасқан, орныққан сөздер тобы.
  • Құрамындағы сөздердің орны тұрақты: ауыстыруға, алмастыруға келмейді.
  • Сөйлеу барысында жасалмай, дайын қалпында қолданылады.
  • Аз сөзбен көп мағына береді.

Анықтамалар мен мысалдар

Мақал

Тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын тұжырымды сөз. Көбіне екі бөлімді болады: бірінші бөлімде шарт не себеп-салдар, екінші бөлімде қорытынды пікір беріледі.

Мысал: «Кең болсаң, кем болмайсың.»

Мәтел

Ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап жеткізетін сөз орамы; көбіне нақты қорытындыны тікелей айтпайды.

Мысал: «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.»

Мақал-мәтелдерді орынды қолдану сөздің әсерлілігін күшейтіп, ойды айқын әрі нақты жеткізуге көмектеседі.

Оқулықпен жұмыс: «Кедергілерден өту» тапсырмалар желісі

Сабақта жақсы нәтижеге жету үшін алда тұрған «кедергілерден» біртіндеп өтеміз: терең ор, көл, өзен, ну орман, тау.

Терең ор

125-жаттығу

Жазбаша және ауызша

Көл

126-жаттығу

Тақтаға, дәптерге жазу

Өзен

127-жаттығу

Жазбаша

I топ:

Мәтелдерді теріп жазу

II топ:

Мақалдарды теріп жазу

Ну орман

128-жаттығу

Ауызша

Тау

130-жаттығу

Ауызша

Талдауға арналған сөйлемдер

  1. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
  2. Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  3. Еңкейгенге еңкей — басың жерге жеткенше,
    Шалқайғанға шалқай — төбең көкке жеткенше.
  4. Отбасы толған жансың, бір-біріңе мейман жансың.
  5. Үлкенді сыйласаң — қадірлі боласың, кішіні сыйласаң — құрметті боласың.
  6. Ағасы бардың — жағасы бар, інісі бардың — тынысы бар.

Жаңа сабақты бекіту

«Шаттық шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылы тілек айтамыз. Одан кейін негізгі ұғымдарды сұрақтар арқылы бекітеміз:

  • Мақал дегеніміз не?
  • Мәтел дегеніміз не?
  • Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?

Сабақты қорытындылау

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, талдауы және топтық жұмыстағы белсенділігі ескеріледі.

Үй тапсырмасы

Мақал-мәтелдер жазып келу (тақырып бойынша бірнеше үлгі келтіру және мағынасын қысқаша түсіндіру).