Баскетбол ойнының ұзақтығы қанша
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектеп
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы
Тақырыбы: Оң және сол жақпен допты алып жүру (оң және сол қолмен)
Білімділік мақсаты
Баскетбол ойынының тарихын және допты оң және сол қолмен алып жүру әдістерін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты
Допты оң және сол қолмен алып жүру, кедергілер арасынан өту, тосқауылдан кідіріссіз өтіп шығу барысында оқушының ептілік пен икемділік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, ұжымдық қасиеттерін дамыту және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Теориялық сабақ
Типі
Жаңа оқу материалын игерту
Әдістері
- Түсіндірмелі
- Сұрақ-жауап
- Ассоциация
- Топтық жарыс
Көрнекілігі
- Проектор
- Видео
- Үлестірме қағаздар
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу.
- Түгелдеу.
- Сабаққа даярлау.
II. Баскетбол тарихына шолу
Баскетбол ойыны АҚШ-та шамамен жүз жыл бұрын пайда болған. Алғашында допты торға емес, тоқылған кәдімгі себетке (кәрзеңкеге) лақтырып түсірген. Ойын атауы да осыдан шыққан: basket — «себет», ball — «доп».
Бұл әлемге кең тараған спорт түрімен айналысу денсаулықты нығайтады: жүрек-қантамыр жүйесі мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында айқын шектеуі жоқ адамдардың барлығы айналыса алады.
Қазақстанда баскетболдан алғашқы жарыс спартакиада деңгейінде 1928 жылы өтті. Деректерде халықаралық жарыстың теміржол мектептері командалары арасында республиканың сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында және Ташкентте өткендігі көрсетіледі.
1947 жылы КСРО чемпионатында Қазақстанның ерлер командасы құрметті алтыншы орынға, ал әйелдер командасы төртінші орынға көтерілді. 1948 жылы Орта Азия және Қазақстан командалары арасындағы жарыстарда алматылықтар алда болды.
III. Үй тапсырмасын сұрау
Видео үзінділер көрсетіледі. Оқушылар көріністер бойынша тәсілдерді еске түсіріп, атауын айтады:
Допты жерге ұрып беру
Допты жоғарыдан беру
Допты домалатып беру
Допты кеудеден беру
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Видео ролик арқылы допты оң және сол қолмен алып жүру тәсілдерін үйренеміз.
Оң қолмен алып жүру
Допты бақылауды жоғалтпай, қозғалыс бағытын сақтап жүру.
Сол қолмен алып жүру
Сол жақпен қозғалыста сенімділік пен дәлдікті қалыптастыру.
Екі қолмен алма-кезек алып жүру
Қол ауыстырып, жылдам шешім қабылдауға дағдылану.
Кедергілер арасынан алып жүру
Бағытты өзгерту, қашықтықты сақтау және ептілікті дамыту.
Тосқауыл арқылы алып жүру
Тоқтамай өту, қарқынды сақтай отырып бақылауды күшейту.
Қарсыласты алдап алып жүру
Жалған қимыл арқылы кеңістік тауып, артықшылыққа шығу.
Талқылауға сұрақ
Неліктен допты оң қолмен де, сол қолмен де алып жүре білу маңызды деп ойлайсыңдар?
V. Сабақты бекіту (топтық жұмыс)
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Топтарға 10, 20, 30 ұпай деңгейлері бойынша сұрақтар ұсынылады.
10 ұпайлық сұрақтар
- Баскетболды кімдер ойнайды?
- Баскетбол дегеніміз не?
- Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды?
20 ұпайлық сұрақтар
- Допқа иелік еткен команда қалай аталады?
- Ойыншы допты қолында қанша секунд ұстай алады?
- Доп себетке түскеннен кейін неше секунд ішінде ойынды қайта бастау керек?
30 ұпайлық сұрақтар
- Баскетбол алаңының өлшемі қандай болуы керек?
- Баскетбол ойынының ұзақтығы қанша уақыт?
- Ойыншының негізгі тәсілдері қандай?
VI. Сабақты қорытындылау (ассоциация әдісі)
Баскетбол тарихы
Ойынның пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу.
Негізгі ережелер
Ойын құрылымы, уақыт және тәртіп қағидалары.
Негізгі тәсілдер
Доп беру, алып жүру, қозғалыс және қорғаныс элементтері.
VII. Оқушыларды бағалау
Топтардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі. Жеңген топ марапатталады.
VIII. Үй тапсырмасы
- Баскетбол тарихы бойынша қысқаша мәліметті қайталау.
- Оң және сол қолмен допты алып жүру тәсілдерін теориялық тұрғыда пысықтау.
- Келесі сабаққа негізгі ұғымдар бойынша сұрақтарға дайындалып келу.