Зат есімге сипаттама

6-сынып қазақ тілі: еліктеу сөздер туралы түсінік

Бұл сабақта оқушылар еліктеу сөздердің табиғатын түсініп, оларды басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйренеді. Материал күнделікті өмірдегі дыбыстар мен қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөздер арқылы меңгеріледі.

Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, ішінара ізденіс, сұрақ-жауап, талдау, жеке және топтық жұмыс, слайдпен жұмыс, тест, жаттығу, салыстыру.
Көрнекіліктер
Кесте (таблица), тақта, бор, оқулық, интерактивті тақта, перфокарта.

Сабақтың мақсаты

  1. Еліктеу сөздер туралы бастапқы түсінікті қалыптастыру.
  2. Сөз таптары бойынша меңгерген білімге сүйене отырып, еліктеу сөздерді танып-білу дағдысын дамыту; оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, сауатты жазу, талдау және оқу дағдыларын жетілдіру; белсенді ойлау әрекетін жандандыру.
  3. Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіру арқылы тілдік-эстетикалық сезімді тәрбиелеу және адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстырамын.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады:

  • Морфология нені зерттейді?
  • Сөз таптары дегеніміз не?
  • Сөздер нешеге бөлінеді?
  • Зат есімге сипаттама бер.
  • Сын есімге сипаттама бер.
  • Сан есімге сипаттама бер.
  • Есімдікке сипаттама бер.
  • Етістікке сипаттама бер.
  • Үстеуге сипаттама бер.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Айналамыздағы ортада әртүрлі дыбыстар мен қимыл-әрекеттерді білдіретін сөздер жиі кездеседі. Төмендегі сөздердің алдына сәйкес келетін зат есімді ойлап жазыңдар:

1

Не? арсылдайды

2

Не? шәуілдейді

3

Не? қорсылдайды

4

Не? пырылдайды

5

Не? ызыңдайды

6

Не? қыт-қыттайды

Анықтама: Айналадағы әртүрлі құбылыстардың дыбысына, қимыл-әрекетіне еліктеуден немесе олардың бейнесімен байланысты туындаған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.