Сендер көмектесіп жіберсеңдер, Алдаркөсенің неше ағашты аралағанын білген болар едік

Интеллектуалдық конкурс тапсырмалары (4 - 5 - сыныптар)

1. Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде қанша мөлшерде тұз кездеседі?
A 1 - 10 гр
B 2 - 20 гр
C 3 - 30 гр
D4 - 40 гр
2. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз: Жығылсаң, қой... төсейді, сиыр... төсейді, жылқы... төсейді, түйе... төсейді
A тұяғын, мүйізін, жалын, шудасын B жемін, арпасын, сұлысын, алаботасын C жүнін, терісін, жалын, өркешін D тұмысығын, арқасын, ер - тоқымын, көрпешесін
3. Қазақстанда қанша үңгір бар
A 140
B 240
C 144
D 230
4. 40 дәптердің тең жартысы - тор дәптер, ал қалғаны жол дәптер. Тор дәптердің - 9 - ы жазылған, а қалғаны таза дәптер. Жол дәптердің 12 - сі таза, қалғаны жазылған. Жазылған дәптерге қарағанда таза дәптер қанша артық?
A 3
B 6
C11
D 8
5. Төртінші артығын табыңыз.
Улететь, убежать, упрекнуть, уплыть.
A Улететь B убежать C упрекнуть D уплыть
6. Табиғи ең жіңішке жіп?
A өрмекшінің өрмегі
B бүйінің жібі
C иірілген жіп
D иненің жібі
7. Дәрілік өсімдікті табыңыз
Стоят кругом сестрички:
Желтые глазки, белые реснички.
A күнбағыс
B түймедақ
C фиалка
Dбақбақ
8. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?
A 6
B 1
C 4
D 3
9. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?
A 100
B 0
C 10
D 90
10. Егер 2 кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1, 5 кірпіштің салмағы қанша?
A6 B 16 C 8 D3
11. Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым деген жазуды жазып кеткен адам
A Әбунасыр әл - Фараби B Аристотель C тарихшы D Жазушы
12. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой
... сөйлесемін жерде жүріп,
... араладым желге мініп.
... терезесін мұздан салдым,
... тереземе перде қылып.
A Туыстармен, аспанды, ұшағымның, бұлттарды
B Аспанмен, бұлтарды, сарайымның, желді
C Бұлттармен, әлемді, үйімнің, сағымды
D Телефонмен, аспанды, үйімнің, сағымды
13. Ребустарды шешіп, төмендегі нұсқадан дұрыс жауаптарын белгіле
A Алтын мен қоладан басқа металдан жасалған дыбысы бар зат және бала есімі
B Күндей жарқыраған дыбысы бар зат пен түйенің баласымен байланысты жер аты
C Дыбысы бар зат атауы мен төрт түлік мал атауы
D Күндей нұрлы – алтын бесік
14. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5 - ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды?
A 12
B 4
C 3
D 15
Дд
15. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда, ол 5 мин бақырды, ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды, өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды. Анасы Есетті 11мин жуындырды.
Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?
A 3 мин
B 5 мин
C 4 мин
D 2 мин
16. Тұқым, жұмыртқа...
A тұқымдану
B ауыл шаруашылық өнімі
C азық - түлік
D өмірге келу
17. Дауыстап, тыныш...
A дыбыс күшін бағалау
B дыбыс, шу
C қарама - қайшылық
D антонимдер
18. Түлкі мен қасқыр. Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады: мен математикаға нашармын, балықты сен бөл дейді. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
A Түлкі ең көп алды, 110 балық, 10 балық артық алды
B Түлкі көп алады, 90 балық, 20 балық артық алады
C Қасқыр көп алады, 120 балық, 10 балық артық алады
D Түлкі көп алады, 100 балық, 10 балық артық алады
19. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
A 6
B 3
C 4
D 9
20. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
A 5
B 3
C 4
D 9
21. Кетті бірге нешеуі
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
A 30
B 33
C27
D3
22. Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң, бай жұрт көзінше:
- Алдаркөсе сені жақсы есеп біледі деп жүр. Менің жасым 26 да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін мен ұлымнан үш есе жас үлкен боламын?
A 4
B 5
C 6
D7
23. Алдаркөсе байға жалданып, отынын аралап, суын тасып күн көріпті. Ол ағаш аралап 72 бөлікке бөледі. Ал барлық ағашты 53 рет аралап кескен.
Алдаркөсе сонда неше ағашты аралап кескенін есептей алмаған екен. Сендер көмектесіп жіберсеңдер, Алдаркөсенің неше ағашты аралағанын білген болар едік.
A 18
B 20
C 20
D 19
24. Түнгі сағат 11 - де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма
A Иә
B Жоқ
C шығады
D жауады
25. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
A 5
B6
C7
D12
26. Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38 жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады?
A 17
B 9
C 5
D 7
27. Бір отбасында үш бала бар, екі ұл, бір қыз. Олардың есімдері А , В , С әріптерінен басталады. А және В әріптерінен басталатындар ұл мен қыз, ал В және С әріптерінен басталатын есімдер бір ұл мен бір қыздікі. Сонда қыздың есімі қай әріптен басталады?
A А
B В
C С
D Д
28. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6 - ға бөлу керек. Ол өзінің тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?
A 36
B 30
C 42
D 38
29. Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата - аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см?
A 157
B149
C 153
D 138
30 Үйдің 1 - ші қабатынан 3 - ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1 - ші қабатынан 6 - шы қабатына көтерілу үшін қанша баспалдақты басып өту керек?
A 104
B 130
C 120
D 52

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филолог, ғылым магистрі
Аймуханбетова Гульназ Ахметовна

Толық нұсқасын жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту барысында тәрбиешілердің рөлі
Ежен ханның елшілері
Балаларды санға үйретуге ақыл-ойдың әдістері
Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет
Балаларды санауға үйрету барысында ойын жаттығуларын қолдану
Ақиқат пен аңыз - повест
Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ -- ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Бастауыш математика курсындағы құрама есептер
Қазақтың салт – дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Адамға талай жерді көрген артық, Танысып әркімдерді білген артық
Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, ата мекенді жаудан тазартудағы ерліктері - ұрпаққа үлгі боларлықтай
Ерте, ерте, ертеде, ел әлденеше хандыққа бөлінген заманда, жаз жайлауда өзен жағасына малын қатар жусататын екі қойшы болыпты
Сендердің бәріңде менің алдымда тірі кісідей боп тұрдыңдар
Біз патшаның күйеуі едік
Тұңғыш Президентіміз жасаған орасан зор еңбектер мен жаңалықтар бүкіл әлем халықтарын өзіне аударды десем артық айтпас едік
Дүрия бірнеше адамдарымен ішке кіріп
Үсенге кербез боларсың депті
Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен
Сендер мектепке жақсы дайындалыпсыңдар