Нағашы жұрт - шешенің төркін жұрты
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы • №16 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Балтабай Мөлдір Серғазықызы
Сабақтың тақырыбы
Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың мақсаты
а) Ұлттық құндылықты сіңіру
Қазақтың әдет-ғұрпын оқушылардың бойына дарыту. Оқушыларға тек ата-анасы мен бауырларын ғана емес, жігіт адамның өз жұртымен қатар нағашы және қайын жұрты болатынын ұғындыру.
ә) Туыстық жақындықты түсіндіру
Туыстық атауларды жеке талдап түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынасты дамыту, оқушылардың ой-өрісінің кеңеюіне жағдай жасау.
б) Адамгершілік тәрбие беру
Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, отбасы мүшелеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын нығайту.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру және ажырату
- Ойын әдісі
Көрнекілік
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім — жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Ә. Назарбаев
Құрметті қонақтар, бүгін сабағымызды «Алтын сақа» ойыны арқылы өткізбекпіз.
Құрметті көрермендер және ойынға қатысушы балалар! Менің қолымдағы сұрақтарға жауап бере отырып, табалдырықтан аттап, күймелерден орын алайық. Дайындалған сұрақтар үй тапсырмасына байланысты.
II. Өткенді пысықтау
- 1. Отбасы деп кімдерді айтамыз?
- 2. Отбасына кімдер жатады?
- 3. Сенің отбасың қандай?
- 4. Өз отбасыңа қандай көмек бересің?
- 5. Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі — бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықпен, береке-бірлікпен, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасы қалыптасады.
Тәрбиелік тұжырым
Ата — асқар тау, Ана — бауырдағы бұлақ, Бала — жағасындағы құрақ.
Табалдырықтың сұрақтарына жауап берген соң, енді қол соғып, келесі кезең — «Әудем жерге» шақырайық.
III. Жаңа сабақ
«Әудем жер» тапсырмалары
1) Ата-анаға көмекші
Баласы, қызы, немересі, келіні, қарындасы, інісі, бауыры.
2) Ата-анаға басшы
Кенже ұл немесе ата-анасына қарайласатын бала.
3) Ортақ қасиеті
Адам.
Жеті ата
Ата — әке — немере — шөбере — шөпшек — немене — туажат (жекжат, жүрежат).
Шығармашылық жұмыс
«Ана» туралы шағын әңгіме құрастыру.
Уақыт өте келе бір отбасының ішіндегі адамдардың жақындығы қалай өзгереді? Иә, олар бір-бірімен туған-туысқа айналады.
Ендеше, балалар, «Туған-туысқандар» мәтінімен танысамыз (өз бетінше іштей оқу, әр топтың дауыстап оқуы).
Ата мен әже
Ата мен әже — әкенің әкесі мен шешесі. Көптеген немерелер атасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Ержеткенде ата-әжесіне қолғанат болып көмектеседі. Немерелер әжесін тыңдап, құрметтеп, сыйлайды.
Әке мен ана
Әке мен ана — баланы дүниеге әкелуші, асырап-бағушы, тәрбиелеп өсіруші, ең жақын қамқор жандар. Бала — ата-ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Ол ата-анасының алдында шексіз қарыздар.
Құран Кәрімде: «Біз адамдарға ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған.
Аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі
Балалардың үлкені ұл болса — аға, қыз болса — әпке деп аталады. Кішілері ұл болса — іні, қыз болса — қарындас немесе сіңлі деп аталады.
Аға мен әпке інілері мен қарындас-сіңлілеріне қамқор болып, әке-шешесіне көмектеседі.
Нағашы жұрт
Нағашы жұрт — шешенің төркін жұрты. Яғни ананың әке-шешесі, аға-інісі, әпке-сіңлісі, жеңге-келіндері және басқа да аталас туыстары нағашы болады.