Тест жұмысы. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Еуразия материгінің ішкі сулары

Білімділік

Материктің ішкі суларының жер бедері мен климатқа тәуелділігін түсіндіру; Еуразия өзендерінің жалпы ерекшеліктерін және Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық, Үнді мұхиттары су алаптарының айырмашылықтарын көрсету.

Дамытушылық

Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру; логикалық ойлауын дамыту және ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Табиғатты сүюге және қорғауға, өзара сыйластыққа, үнемі дайындықпен келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі

Аралас сабақ: түсіндірмелі жұмыс, сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, ойын элементтері.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Дүние жүзінің физикалық картасы
  • Еуразияның физикалық картасы
  • Карточкалар және дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Оқушыларды түгендеу.
  3. 3 Сабаққа дайындықты қадағалау.
  4. 4 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, қысқаша түсіндіру.
  5. 5 Өткен тақырып бойынша білім-білік дағдыларын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1–5 топқа Берген, Лиссабон, Абасири, Калькутта және Ұланбатыр қалаларының климаттық диаграммалары таратылады. Оқушылар диаграммаларға сүйене отырып:

  • ең ыстық және ең суық айларды;
  • жылдық жауын-шашын мөлшерін;
  • жауын-шашынның қай мерзімде көбірек түсетінін анықтайды.

Тест жұмысы

10 сұрақ

1. Еуразия материгін неше климаттық белдеу кесіп өтеді?

а) 6 · ә) 7 · б) 8 · в) 9

2. Еуразияның оңтүстік-шығысындағы аралдарды қамтитын белдеу қалай аталады?

а) Экваторлық · ә) Тропиктік · б) Қоңыржай · в) Арктикалық

3. Қыста ауа температурасы тұрақты түрде −40°С, −50°С болатын климаттық белдеу.

а) Субарктикалық · б) Субтропиктік · ә) Субэкваторлық · в) Арктикалық

4. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтетін белдеу.

а) Арктикалық · ә) Қоңыржай · б) Экваторлық · в) Субарктикалық

5. Биіктік климаттық белдеулер қай тауларда айқын байқалады?

а) Аппалач, Орал · ә) Гиндукуч, Карпат · б) Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Гималай · в) Тибет, Памир

6. Дүние жүзіндегі ауданы жөнінен ең ірі материк.

а) Солтүстік Америка · ә) Еуразия · б) Аустралия · в) Африка

7. Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу.

а) Қоңыржай · ә) Арктикалық · б) Тропиктік · в) Экваторлық

8. Тропиктік климаттық белдеу материктің қай бөлігін қамтиды?

а) Оңтүстік-батыс · ә) Оңтүстік-шығыс · б) Шығыс · в) Батыс

9. Жауын-шашын мөлшерінің жазықта азайып, тауларда артуы қалай аталады?

а) Континенттік · ә) Муссондық · б) Шұғыл континенттік · в) Қоңыржай континенттік

10. Субтропиктік климаттық белдеуге жазда және қыста қандай ауа массалары әсер етеді?

а) Тропиктік, қоңыржай · ә) Арктикалық · б) Арктикалық, қоңыржай · в) Қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік

Жауап кілті

1 — Ә, 2 — А, 3 — В, 4 — В, 5 — Б, 6 — Ә, 7 — А, 8 — В, 9 — Б, 10 — А

Еуразияның ішкі сулары: негізгі ойлар

Су қорының молдығы

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін екінші орында. Мұнда көптеген ірі өзендер, көлемді әрі терең көлдер және жер асты суларының мол қоры бар.

Таралуының себептері

Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар таралған. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты.

Өзен торының ерекшелігі

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, ал жағалауға жақындаған сайын жиілей түседі. Материк аумағының шамамен ⅓ бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы

Бұл алапқа Ресей аумағы арқылы ағатын ең ірі өзендер, сондай-ақ Скандинавия түбегінің қысқа өзендері кіреді.